Ткен кезеңдегі тұтыну баға индексі

Инфляция себептері:

- Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.

- Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы.

- Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.

- Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.

Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:

1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.

2. Инфляцияның жоғары қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.

3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.

4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.

5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол - капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияға қарсы саясаттың теорияда екі бағыты бар: кейнсиандық және монетарлық бағыт.

Кейнсиандық бағыттың шаралары:

- Ақшаға сұранысты шектеу (пайыз бен салық мөлшерлемесін өсіру арқылы).

- Ақша массасын және мемлекеттік шығындарды азайту.

- Табыстар саясаты: баға мен жалақыға бақылау жүргізу.

Монетарлық бағыттың шаралары:

- Экономикалық өсуді ынталандыру (бәсекені ынталандыру үшін салықты төмендету)

- Ақша - несие саясатын жүргізу (ашық нарықта операция жүргізу,банк пайызын және резервтік норманы өзгерту арқылы).

Бағаның өсу қарқыны     жұмыссыздық деңгейі   14.1.сурет. - Филлипс қисығы Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді.  

Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өседі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.