Валюта бағамдары – басқа валютаны ақша бірлігімен көрсетілген ұлттық валюта бірлігі құны.

Валюта бағамыны (алмастыру) үш негізгі жуйесі бар:

-бекітілген бағам-бір ел өз ақша бірлігінің алтын (долларлық) құрамын белгілейді, осылайша өз валютасы мен басқа елдердің валюта алмастыру бағамын анықтайды. Ел ұлттық валютаның тіркелген бағамын ұстап тұру ушін өз шетел валютасы резервтерін немесе алтынды сатып алу-сату резервтерін пайдаланады;

-еркін құбылмалы бағамдар ұсыныстар мен сұраныстар негізінде анықталады және өз валютасының құнына мемлекеттің ешқандай ықпал етуін болдырмайды. Валюта бағамдарының еркін ауытқуы тапшылықты және төлем баланстарының активтерін автоматты турде реттейді;

-басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары жуйесі әр турлі елдер орталық банктерінің валюта бағамдарының қысқа мерзімді және елеулі ауытқуларын (көбінесе алып-сату операциялары әсерінен) деңгейлестіру үшін ашық нарықтарда шетел валютасын сатып алуын және сатуын қарастырады.

 

Халықаралық валюта жуйесі 1879- 1934 жылы алтын стандарты; Ақша бірлігінің белгілі бір алтын құрамын белгілеу; Алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысы арасындағы қатан сәйкестікті сақтау; Еркін экспорт, алтын импорт
1944- 1971жж. Бреттон- Вуд жуйесі ХВҚ - Халықаралық валюта қорын құру; Ұлттық валютаның алтын (долларлық) құрамын белгілеу; Басқа валюталармен салыстырғанда ұлттық валютаның өзгермейтін бағамын сақтау міндеті
1976ж. бері басқарылатын құбылмалы валюта бағам-дарының жуйесі Валюта бағамдары еркін құбылып отыруы керек; Орталық банктер валюта нарығында алыпсатарлық операциялардың әсерінен болған валюта бағамын деңгейлестіру мақсатында валюталық басқыншылық жургізуі тиіс

 

Валюта басқыншылығы дегеніміз – шетел валютасын сатып алу-сату.

Бір ел резиденттері мен басқа мемлекеттер резиденттері арасындағы барлық мәліметтер осы елдің төлем балансында көрініс береді.

Ағымдағы операциялар есебі тауарлар мен қызметтер экспорты және импортымен байланысты шетел валютасынңы барлық тусімдері мен шығындарын, сондай-ақ елді әлемнің басқа мемелекеттеріне трансферттік төлемдерін белгілейді. Капитал қозғалысы есебі бір жыл ішіндегі материалдық және қаржылық активтерді сатып алу-сатумен байланысты капитал ағымын көрсетеді. Ағымдағы операциялар бойынша теңгерімсіз төлем балансын және капитал қозғалысын реттеу ушін шетел валютасының ресми резервтер қолданылады.

Экспорттық операцияларды көрсететін төлем балансы баптары несие ретінде журеді, өйткені тусмдер, шетел валютасын «табуды» білдіреді; импортқа байланысты операцияларды білдіретін баптар дебет (берешек, борышты) болып есептеледі, өйткені шетел валютасы шығынын білдіреді.