Оғамдық меншік

 

Мемлекеттік Муниципалдық

 

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, проблемалары

Нарықты экономиканың қалыптасуы меншік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процестері арқылы жүргізілді.

Мемлекет иелігінен алу- бұл мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей әкімшіл- әміршілдік жүйеден нарықтық жүйеге көшіру.

 

Жекешелендіру- жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі объектілерді сату немесе тегін беру.

Сонымен қатар, ұлттандыру шаруашылықтың негізгі нысандарын жеке меншіктен мемлекет меншігіне көшірілуі. Денационализация- ұлттандырылған мүліктерді бұрынғы иелеріне қайтаруды білдіреді.

ҚР-да мемлекеттік меншік объектілерін мемлекеттен иелігінен алу мен жекелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:

а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;

ә) жалға берілген мемлеметтік кәсіпорын мүлігін сатып алу;

б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;

в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру;

г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;

д) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорынның мүлігін заңды тұлға және жеке адамдарға конкурс және аукцион арқылы сату.