ТАҚЫРЫП 7. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС. БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ.

Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал етуші факторлар

Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар

Нарық тепе-теңдігі

Бәсеке мәні. Еркін бәсеке

Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал етуші факторлар.

Сұраныс- тұтынушының қажеттілігіне байланысты белгілі- бір тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіншілігі. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың сапасын құрайды.

Сұраныс заңы– тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы– бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 6.1. суретте көлденең осьте - сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р)– тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (D).

 

Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді   Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі, ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға-жоғары (өсуі); солға- төменге (азаюы)
5.1.сурет.- Сұраныстың қисығы. 5.2. сурет.- Сұраныс қисығының жылжуы.

 

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, яғни сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.

3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

4. Бірін бірі алмастыратын және бірін- бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауар (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі. Егерде тауарлар бірін- бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауар (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар.

Ұсыныс– бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны.

Ұсыныс заңы– бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше. Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Суретте ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (D). Қисық сызық (S) шығып келе жатқан бағытта болады.