Q1 Q2 Q

Р S1 S S0 Q Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді   Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді:оңға- төменге ( өсуі), солға –жоғары азаюы) 5.3.сурет.- Ұсыныстың қисығы. 5.4.сурет.- Ұсыныс қисығының жылжуы.

 

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

3. Бірін-бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауар бағасының өзгеруі.

4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлар өзгерістерін күту.

5. Бәсекенің деңгейі.

6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі– ұсыныстың өсуіне әкеледі.

Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді

Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі.

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Нарық тепе-теңдігі

Нарықтағы тепе- теңдік жағдай сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

 

5.5. сурет.- Нарықтағы тепе-теңдік.  

Мұнда: Е – сұраныc пен ұсыныс қисығының қиылысқан, тепе-теңдік нүктесі, РЕ –теңдік баға, QЕ – теңдік көлем. Егерде нарықтық баға– Р1 теңдік бағадан- Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды, яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

 

Тепе- теңдік баға– бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:

Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.

 

  Теңдік бағаның өзгеруі Тауардың теңдік көлемінің өзгеруі
Сұраныстың өсуі Өсуіне Өсуіне
Сұраныстың азаюы Төмендеуіне Азаюына
Ұсыныстың азаюы Өсуіне Азаюына
Ұсыныстың өсуі Төмендеуіне Өсуіне

 

Икемділік- бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша пайызға өзгеретінің анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш пайызға өзгеру қатынастарымен анықталады.

Сұраныстың бағалық икемділігі– тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады. Мұнда ЕPD - сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті; ∆ Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі; ∆Р% - бағаның қатысты өзгеруі.

 

ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі молаяды және жалпы түсім өседі. ЕPD < 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгерісі шамалы болады және жалпы түсім азаяды.
5.6. сурет.- Икемді сұраныс. 5.7.сурет.- Икемсіз сұраныс.

 

ЕPD = 1, бағаның өзгеруі сұраныстың өзгеруімен тең болады. Жалпы түсім өзгермейді. ЕPD = ∞, бағаның тұрақтылығы сұраныстың өсуіне әкеледі.
5.8.сурет.- Бірлік икемді сұраныс.   5.9.сурет.- Абсолюттік икемді сұраныс.
      ЕРD=0, баға өзгергенмен, сұраныс тұрақты қалыпта қалады. Еi
5.10.сурет.- Абсолюттік икемсіз сұраныс.

Сұраныстың табыстық икемділігі– бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.

∆ Q%

ЕID = ──────

∆ J%

Мұнда: ЕID - сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті; ∆Q % - сұраныстың өзгеруі; ∆J% - табыстың өзгеруі

· Егерде ЕID - бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.

· ЕID - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.

· Егерде О< ЕID < 1 – бірінші қажетті тауарлар

· ЕID > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.

Көптеген тауарларға ЕID – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін, яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны азаюы мүмкін.

Бірін- бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауарға деген бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады.

Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1%-ға өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді және формула арқылы есептеледі. Мұнда: ЕхуD– қиылысқан икемдіділік коэффициенті; ∆ QX%– Х тауарына сұраныстын қатысты өзгеруі; ∆ РУ% – У тауар бағасының өзгеруі.

Егерде қиылысқан икемділік коэффициенті оң сан болса, ЕхуD > 0, онда Х және У– бірін- бірі алмастыратын тауарлар.

Егер ЕхуD < 1, онда Х және У– біріне- бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады.

Если ЕхуD<0, то товары Х и У– теріс сан болса, онда бірің- бірі толықтыратын тауарлар.

Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ға өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ға өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш. Мұнда ЕPS - ұсыныс икемділігі; ∆Q%- ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі; ∆Р%- бағаның қатысты өзгеруі.

Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлуге болады:

1) дәл кәзіргі кезеңде- өте (абсолюттік) икемсіз ұсыныс;

2) қысқа кезеңде – икемсіз ұсыныс

3) ұзақ мерзімді кезенде- икемді ұсыныс.

Тұтынушы мінез құлқының негізгі теориялары

Тұтынушының мінез– құлқы немқұрайдылықтың қисығы мен меншікті пайдалылықтың ұстанымы тұрғысынан қарастырылады.

Бір бірлікке тұтыну көлемінің көбеюі кезінде тауардың жалпы тиімділігінің өсуі пайдалылығының шектеулі екенін көрсетеді. Тұтынатын тауардың көлемінің өсуі бойынша әрбір қосымша бірліктің шектеулі тиімділігі азаяды. Мұнда сұраныс заңының негізінде жатқан азаюдағы шектеулі тиімділік заңының әрекеті көрінеді. Тұтынушы өзінің шектеулі табысына өзі қадыр тұтатын ең жоғары дәрежедегі қажетін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тауарарлар жиынтығын сатып алуға ұмтылады. Бұл пайдалылық ережесінің ең жоғары дәрежесін сақтаған кезде, сатып алынатын тауарлардың шектеулі тиімділігі жағдайында, бір ақшалай бірлікке ұксас болады.

Немқұрайдылықтың қисығы ұстанымынан келу тұтынуды саны бойынша емес, тек саралау болып табылады. Немқұрайдылықтың әр қисығы тұтынушы үшін, бір тиімділікке ие өнімдердің көптеген жиынтығын графикалық көрсетеді.

Егер немқұрайдылықтың қисығы тұтынушының бюджет мөлшерінің шектелуіне қарап, тұтынушының таңдауын сипаттаса, онда бюджеттік желі оның мүмкіндектерін анықтайды. Ол сатып алуға кететін біркелкі шығынды талап ететін, екі өнімнің графикалық көп жиынтығын көрсететін, екі ылдидың түзу сызығын білдіреді. Бюджет желісі тұтынушының нақты сатып алу қабілетін көрсетеді және сатып алынатын тауарлардың бағасының қатынасын көрсетеді (5.11.сурет). Сатып алушының қабілетінің өзгеруіне байланысты бюджет желісі соған сәйкес жаққа ауысады және алғашқы параллельдің жағдайында орын алады. Тауар бағасының қатынасының өзгерістері бюджет желісі ылдиы бұрышының өзгерісіне әкеледі.

Кардиналистер шектеулі пайдалылықты шығару үшін ютиль деген шартты бірлікті енгізеді. Мысалы, тұтынушы тауардың 9 бірлігін сатып алады, онда тауардың жалпы пайдалы сомасы U9 ютилді құрайды, ал, егер, 10-шы бірлік сатып алынса, онда жалпы пайдалылық өсіп, U10 ютилді құрайды. Шектеулі пайдалылылық, яғни, тауардың 10-бірлігіндегі, қосымша тұтынудан қанағаттану келесі жағдайда анықталады: