Бөлім. Халықаралық экономикалық байланыстарға транспорттық қызмет көрсету.

Қазіргі заманауи тез өзгеріп отырған әлемде транспорттың жүйеге келтірілген жұмысының рөлі артуда. Әлемдік қоғамдастықтың күнделікті жұмысын қамтамасыз етуде транспорттық маршруттар өмірлік қажетті болып отыр. Халықаралық экономикалық байланыстардың орындалу барысында транспорт екі немесе одан да көп мемлекеттер арсында тауарлар(жүктер) мен жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз етеді, яғни халықаралық хабарламаларға қатысушысы болады.

Транспорттар тасымалдаудың нақты бір түріне қолданылуына байланысты теңіздегі, ауадағы, автокөліктегі, теміржолдағы және құбыр жолы тасымалы деп ажыратады. Бұл транспорттың бір түрімен қызмет көрсететін тікелей халықаралық тасымалдар атауы. Халықаралық жүктер мен жолаушыларды тасымалдауда сәйкесінше екі немесе оданда көп транспорт түрі қолданылған жағдайда аралас (құрама) тасымал орын алады. Егер бұндай тасымал бір транспорттық құжатпен рәсімделініп басқа қатысушы транспорт түрлерін жауып тұратын болса, онда ол тікелей аралас тасымал деп аталады.

Отандық әдебиетте соңғы кездері тікелей аралас тасымалды білдіретін жаңа терминология тарала бастады: мультимодальді және интермодальді тасымалдар. Ереже бойынша бірінші жағдайда бір құжатты жамылған жүктердің әртүрлі транспорт түрлерімен өте алысқа тасымалдануы туралы айтылады, екіншісінде де солай, бірақ бірнеше мемлекеттердің шекараларының қиылысуымен(яғни халықаралық). Сондықтан да бұл жұмыста тікелей аралас тасымалдардың синонимі ретінде екінші терминді қолданамыз.