Тікелей халықаралық тасымалдар

Теңіз жолдары арқылы жүк тасымалданатын көліктерге үлкен жүктерді тасымалдайтын кеме, контейнер тасымалдағыш, лихтер тасымалдағыш, ролкерлер, паромалар, танкерлер, балкерлер жатады.

Жүк тасымалдайтын кемелер қазіргі таңда аз көлемдегі портттар арасындағы ең маңызды көліктің бірі болып табылады. Жүктер арнайы ауа тазартыш жүйесі бар трюмода орналасады. Көптеген жүк тасығыш жүйелер мамандандырылған контейнер тасымалдағышпен қамтамасыз етілген. Кемелердің стандартты 60 мың тонналы сыйымдылығымен 2000 алтыметрлік котейнерлерді тасымалдай алады. Бұл жәй кемелерден 7 есе артық тасымалдай алатынын көрсетеді.

Лихтер тасымалдағыштар өз алдына бір жүйені құрайды. Бұл жүйенің құрамына жіңішке өзендер бойымен жүре алатын, бірнеше ондық кіші судо-лихтерлерді тасымалдай алатын үлкен судно-плавбаза кіреді. Ролкер типтес суда автомобильдер мен тарқыштарға еш бір кедергілерсіз кемеге мұрны арқылы кіріп шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, теңіздік паром ешқандай қайта жүктеусіз бір уақытта 100 вагонға дейін тасымалдай алады. Танкерлер шикі мұнай мен сұйық заттарды тасылдау үшін, ал балкерлер аралас типті, сұйык және төгілмелі жүкті тасымалдау үшін пайдаланылады.

ЮНКТАД хатшылығының 1999 жылғы мәліметтеріне қарағанда, 1997 жылдан бастап әлемдік өндірістің өсуі теңіздік тасымалдың өсуінен әлдеқайда аз екенін көрсетті, бұл өз кезегінде теңіз тоннажына деген сұранысың азаюына алып келді:

 

 
Өндірістің өсу темпі, % 3,0 3,2 2,0
Теңіз жолымен тасымалдың өсу темпі, % 2,3 4,1 2,2

 

Халықаралық теңіз жолымен тасымалдаудың 44%-ы құймалы тауарлардың тасымалына тиесілі болды, алайда бұл жылдары бұл саланың өсу қарқыны айтарлықтай дәрежеде болған жоқ еді. Құрғақ тауарлырдың тасымалының өсу темпі өте жоғары қарқынды болды. Соңғы жылдары теңіз тасымалының басты саласы – құрғақ жүкті тасымалдау болып табылады. 2005 жылға қарай оның өсу темпі 6% болады деп болжамданып отыр. Ең көп тасымалданатын тауардың түрі – көмір және темір рудасы болып табылады (барлық тасымалданатын тауардың 9%). Теңіз тасымалының 4% дәнді дақылдар болып келеді (бидай, жүгері, тары, сарго, соя бабы). Басқа салмақты тауарлар қатарына фосфат, боксит, топырақ жатады.

Әлемдік жүк тасымалына қатысушы елдердің топтастырылуы 90-жылдары тұрақты болып келді, бұл оның ресурстық мамандануын және жекеленген аймақтардың даму дәрежесін көрсетті. Дамыған елдер нарыққа бағасыйымды тауарларды шығарды, сондықтан, 43% басқа жерден келген тауарларды түсіре отырып, 67% әлемдік экспортты иемденеді. Дамушы елдер әлемдік мұнайдың 84% қамтамасыз етеді, оныі 72% дамыған елдерге жіберіледі. Ресей 90- жылдары әлемдік мұнай көлемінің 9,5% құрады.

Ллойданың бағалауы бойынша, 1998 жылға көлемі 776 млн т дедвейт* тоннаж болатын 29 мың суда тауар айналысқа түскен. Теңіз флотының қрылымы негізінен әлемдік тасымал қажеттілігіне сай келеді : 35%- тоннаж танкерлерге тиесілі, 36% - құрғақ жүк балкерлерге тиесілі, 13% - генералды жуктерге, 7% - контейнер тасымалдағыш, қалғаны - «басқа жүктер» тобына жатады.

Ең ірі сауда судасына ие бестікке мына мемлекеттер жатады: Греция (17,6%), Жапония (12,7%), Норвегия (7,7%), АҚШ (6,4%), ҚХР (5,4%). Ресей флоты 1998 жылы 2602 судадан құрылып, әлем бойынша 13-орынды иеленді ( әлемдік тоннаждың 2,1%). Тағы бір айта кететін жайт, осы тізімде Ресейді Гонконг (5,1%), Ю. Корея (3,5%), Тайвань (2,3%), Сингапур (2,2%) сияқты майда елдер артта қалдырып ктекен.

Сауда флотын пайдалану барысында соңғы онжылдықта көптеген тасымалдаушылар салықтан жалтарыну мақсатында өзіне «ыңғайлы» ел туымен тіркеуден өтіп жатыр. Осылайша, әлемдік тоннаждың 2/3 бөлігін құрайтын дамыған елдер заңды түрде тек 26 % ғана иемденеді, ал қалған бөлігі «салық жұмағы» елдерінде тіркелген болып келеді. Осылай тіркелу тәжірбиесін әлемдік дамыған сауда флоты бар елдер қолданады – Греция, Жпония, Норвегия, АҚШ, ҚХР, Гонконг, Ұлыбритания, Германия, сонымен қатар, дамушы елдер де пайдаланады – Бельгия, Испания, Финляндия және т.б.

Ең маңызды тіркелуге ашық мемлекеттерге Панама (16% әлемдік тоннаж), Либерия (11,7%), Багам аралдары (4,7%), Мальта(4,3%), Кипр (4,2%) жатады.

Теңіз флоты халықаралық саудада ең маңызды тасымалдаушы болып табылады.