Интермодальды тасымалдауларда көліктің өзара әрекеттесу ерекшеліктері

Көлік саласындағы дәстүрлі бәсекелестік түпкілікті түрде интермодальдылықты өзгертті, яғни аралас жүк тасымалдарын. Тасымалдың негізін қалаушы қағидалары мен ережелері ескірді немесе қайта қарауды қажет етеді. Тасымал саласына интермодальдылықтың енгізген негізгі өзгерісі, бұл-тасымалдың дәстүрлі тәжірибесінен «А пунктінен Б пунктіне» (порт-порт немесе станция-станция) тасымалдың өткен жүйесі «есіктен есікке» (жүктің пайда болған пунктінен оның соңғы тағайындалған пунктіне дейін).

Бұл жүйенің негізгі элементі, ол жүк үстінен бақылауы. Шындығында, кімде-кім интермодальды жүйеде жүктің тасымалдануына бақылау жасаса (кеме, теміржол құрамы, автокөлік немесе теңіз порттарынан тәуелсіз), ол жүкті көліктің жекелеген жекелеген түрлерін бақылаушылардан бәсекелестік артықшылыққа ие болады. Жүкті бүкіл бағыт бойымен бақылаушы жақ тасымалға байланысты кез-келген шешім қабылдауы мүмкін, мысалы: жаңа жүріс бағытын таңдауға, тасымалдаушыны немесе портқа соғудан көлік түрлерін ауыстыруға дейін. Бақылаудың бұл түрі жүк жіберушілерді дәстүрлі шаруаларынан, яғни бағыт таңдаудан, порт түрлерінен, қор жайларынан, шамадан тыс жабдықтан босатады. Нәтижесінде көліктердің жекелеген түрлеріне маркетингтік стратегияларын өзгерту керек, ең біріншіден жүктерге бақылау жасау керек.

Интермодальды жүйеге және әртүрлі біріккен құрылымдарға қажет көліктердің өсіңкі маманданған түрлері «интермодальдық» бәсекелестікті шиеленістіріп қана қоймай көлік түрлерінің бәсекелестігін шиеленістірді. Басты себеп әр көлік түрінің потенциалды мүмкіндігінде.

Осылай, аралас тасымал контейнер тасымалдайтын кеме жүретін сызықтарға оңтайлы мүмкіндіктер ашты.

Соңғы 10-15 жылда баржаларда контейнер тасымалының енгізілу бәсекелестігі өзен тасымалына айналды. Алдыңғы кезеңдерде, әдетте, Роттердам бағытындағы темір жолдар бәсекеге төтеп бере алмады. Қазір болса оларға және автотранспортқа Рейн аймағындағы контейнерлер жүктелген баржалар бәсекелестік жасайды.

Интермодальді бәсекелестікте тым жас транспорт түріне әуе тренспорты жатады. Ол да өзінің орнын алуды. Әуе транспортының басқа транспортқа қарағандағы бәсекелестік артықшылықтарын 4 фактормен атасақ болады: тасымалдау уақыты мен бағасы, жүк түрі мен нарық характеристикасы. Бұл транспорт түрінің ең басты артықшылықтарының бірі – орташа және алыс қашықтықтардағы тасымал уақытының аздыңы. Уақыт үнемдеу факторы әсіресе тасымалдау уақыты шығу пунктінен соңғы пунктіне дейін есептелген жағдайда маңызды. Бұл пунктер ел ішінде болған жағдайда әуежайлар теңіз транспортына қарағанда жақынырақ және ыңғайлы. Тасымал мерзімінің тағы бір маңызды аспектісі – транспорттық қызметтердің жиілігі. Әуе рейстарының жиілігі кеме рейстеріне жарағанда жоғары. Сонымен қатар әуе транспортында жүктерді жүктеу теңіз транспортына жүктегеннен жеңілдеу.

Бәсекеге әсер ететін екінші фактор - тасымалдау бағасы. Әуе транспортының жоғары құны оны дамытудағы басты тежеуші факторлардың бірі. Басты себебі тасымалдау бағасы мен отынның бағасымен салыстырғанда жоғары капитал салымын қажет ететіндігінде. Бірақ әуе транспорты әрқашан ең қымбат болып табылмайды. Тауар бөлінісінің жүйесі бағалық элементтерден тұрады. Мысалы, қаптама, сақтандыру, жүкті жеткізу, капитал бойынша шығындар. Осындай элементтер бойынша теңіз транспортына қарағанда әуе транспортында артықшылықтар бар. Мысалы, аз уақытта тасымалдау мен жүкті мұқият қауіпсіз ұстауы жәшіктер мен контейнерлерге қарағанда жұқалау қаптамаға орауға мүмкіндік береді. Ал жұқа қаптама, еңбектің, материалдың, жүк массасы мен көлемінің үнемділігі транспорт шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Әрине контейнерлерге жүктеу теңіз транспортының шығындарын азайтуға мүмкіндік бергенімен әуе транспортының қаптамадағы артықшылығы жүктің сақталуынанда тиімділікке ие. Сақтық төлемдерінде де әуе транспортының артықшылығы бар. Статистика бойынша әуе транспортында апатты жағдайлар саны басқа кез келген транспорт түріне қарағанда азырақ. Сонымен қатар, тасымалдың аз уақыт алуына және жүктің тасымалының қауіпсіз болуына байланысты сақтық ставкалары белгілі бір бағыттарда теңіз транспортына қарағанда арзанырақ. Әуе жайлардың нарыққа қатысты ыңғайлы орналасуы дақұн жағынан әуе транспортына артықшылықтар береді.

Бәсеклестік күреске қатысушылар арасында қоғамдық тасымалдаушылар ерекше назарға ие, яғни кемелер қолданбайтындарға интермодальділік жақсы жағдайлар жасайды, әсіресе жүктерге бақылау жасауда.

Интермодальдық көлік құралдары арасында бәсекелестікті арттырып қана қоймай, сонымен қатар аралас тасымал мен біртүрлі тасымал элементтерін толықтыра түскенін белілеу керек. Мысалы, темір жол және жүк көліктері операторларының бірлесіп жұмыс атқаруы тиімді болуда.

Интермодальдылық алып келген жаңа үрдістер тасымал саласының қайта реттелуімен бірге жүреді. Мысалы, АҚШ-та автокөлік, темір жол, су және әуе тасымалдары мемлекеттік органдармен реттеліп отырған. Олар көлік құралдарының бір түрімен екінші түрін байланысқа түсірмеген, себебі, бәсекелестікке кедергі келтіреді деп есептеген. Бірақ, бұл пікір қате болды. Мұндай саясат АҚШ көлік құралдарының бәсекелестігін төмендетіп жіберді, әсіресе темір жол жүйесін. Бәсекелестіктің, бір-бірін толықтыруының реттелуінің есебінен, қарқынды дамуна жаңа серпін алды.

Аралас тасымалмен айналысатын отандық көлік ұйымдары жаңа шарттарда жұмыс істеуге дайын емес екендігін көрсетті.

Жапония-Находка көлік жолы екі негізгі көліктік сызықтарды қосады: Trans-Siberian Container Service (TSCS – транссібірлік контейнер тасымалы) және Japan-Nakhodka Line (JNL – Жапония – Находка сызығы). Өз кезегінде, JNL сызығы тасымалдың 2 түрін тасымалдыйды: контейнерлік (JNLCS) және қарапайым (контейнерлік емес).

TSCS сызығы жапондық (NAVICS Line, UNO Line) және ресейлік (FESCO = Қиыршығыстық теңіз пароходы) бірігіп басқарылып үшкүндік теңіздік тасымалмен бірнеше жапондық порттарды (Иокогама, Кобэ, Нагоя, Модзи, Симидзу, Томакомай) Восточный портымен байланыстырады. Бұл сызық ашылу сәтінен, яғни 1975 жылы қыркүйек айынан бастап, Жапония-Еуропа және Орта Шығыс Сібір арқылы теңіздік контейнерлік жүк тасымалына мамандануда. 1985 жылдың қаңтар айынан бастап JNLCS сызығы бойымен Жапония-Ресей бағытына әрдайым контейнерлік жүк тасымалы бастау алды.

TSCS және JNLCS сызығы бойымен Жапония-Ресей арасындағы контейнерлік тасымал жүк айналымы төрт ресейлік және төрт жапондық кемелермен, орташа сыйымдылығы 425 TEU (=425 20-футтық контейнер), тасымал жиілігі айына 24 рейс. Жүк тасымалы көлемінің төмендеуінен кемелер саны екі тараптан да 1987 жылдың шілдесінен 3-ке дейін, 1993 жылдың желтоқсанынан екі тараптан 2-ге дейін, 1994 жылдан ресейліктер тарапынан 2 кеме және жапондықтар тарапынан 1 кеме қысқарды. 1996 жылдан бастап айына 2 кеме қолданылады.

Транссібір жолымен (Siberian Land Bridge) жүк тасымалының көлемі 1996 жылы батыс бағытына 2315 TEU, шығыс бағытына – 6181 TEU, жалпы 8469 TEU, бұл 1983 жылғы тасымал көлемінің (110730 TEU) 1/13 бөлігіне теңестірілді. Тасымал көлемінің төмендеуінің себебі халықаралық бәсекелестік есебінен теңіз тасымалы құнының төмендеуі, интермодальдық тасымалдың қызмет көрсету деңгейінің жоғарылауы, КСРО ыдырағаннан кейін сібір жолының саяси және экономикалық тұрақсыздығы. Осы кемшіліктердің барлығы жойылмай, жүк тасымалының көлемі артпайды.