Лемдік транспорттық қызмет нарығы

Бұрын айтылғандай, тасымалдау транспорт өнімі болып табылады, яғни жүктердің немесе жолаушылардың кеңістіктегі орнының (жағдайының) өзгеруі. Тарихи транспорт өнімі «тасымалдау» термині арқылы анықталады.

Әлемдік транспорттық қызмет көрсету нарығы транспорттық өнімдердің нарығы болып түсіндіріледі(табылады) немесе халықаралық жүк тасымалдау нарқы. Бұл нарыққа, бір жағынан тұтынушылар– жүк жөнелтушілер, ал екінші жағынан сатушылар - жүкті тасымалдаушылар қатысады. Транспорттық нарықтың ерекшелігі, жүкті жөнелтушілер мен қабылдап алушылар бірінші кезекте өнімді сатушылар мен тұтынушылар болып, ал тасымалдаушылар – олардың қатысынсыз ешқандай алып-сату(сауда-саттық) келісімі болмайтын, байланыстырушы бөлім болып табылады. Сондықтан әлемдік коммерциялық практикада тауардың тасымалдануы(дәлірек айтқанда тасымалдау емес, жүкті тасымалдаушыларға өткізу) мен сатып алушыға жеткізілуі екеуінің де маңызы бірдей екендігі мойындалды.

Транспорттық нарықтың мұндай екі жақты сипаты, яғни бір жағынан ол транспорттық өнімді жеткізуші – қарапайым нарық, ал екінші жағынан – сауда-саттық келісімін жүзеге асыратын нарық болуы, оның сырқы сауданың даму деңгейі мен түгел әлемдік шаруашылық байланыстарға маңызды өсерін анықтайды.

Әлемдік транспорттық нарықтың жан-жақтылығы мен күрделілігін түсіну үшін транспорттық фактор, өртүрлі транспорттық нарықтардың қызмет көрсету ерекшеліктері, транспорттың өртүрлі түрлерін таңдау критерийлері сияқты түсініктерді тереңірек қарастыру керек.