Ресейдегі тасымалды регламенттейтін құқықтық құжат

 

Ресейдің транспорты 2 министрліктің шеңберінде қарастырылады: РФ-ның транспорт министрлігі және РФ-ның хабарлама жолының мминистрлігі. Сонымен қатар, магистральді транспорттың негізгі түрлеріне акционерлік қоғамдар құрылған.

Ресейде жүк иесі мен тасымалдаушы арасындағы ішкі және сыртқы жүктасымалы орындалған кездегі өзара қатынастың құқықтық негізі нормативті және заңшығарушы құжаттар болады. Бұл құжаттар транспорт түріне қарай – теңіздік сауда Кодексі, әуе кодексі, теміржол, автомобиль, өзен транспорт жарғылары, ведомстволық сипаттағы нұсқаулық пен жағдайлар, тасымал ережелері, жүктерді жүктеу және түсірудің техникалық шарттары, тарифтік ставкалар бойынша прейскуранттар және басқа да құжаттар.

Бірақ, Ресейде қалыптасқан экономикалық және саяси жағдайларға байланысты көпшілік нормативті құжаттар бұрынғы кеңес елдерінің, таяу шетелдің егеменді елдерінің оғаш транспорттық жүйелеріне қайта өңдеуді қажет етеді.

Сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ететін Ресейдің транспорттық жүйесі таяу шетел мен Балтық теңізі елдерінің транспоттық жүйесіне тәуелді. Себебі, көптеген теміржол кедендік өткелдер, ірі әуе және теңіз порттары осы елдер территориясында орналасқан. Ал осы порттарға тиесілі теңіз транспорт құралдары олардың құзырлығына көшті.

Ресей біркелкі транспорттық жүйенің сақталуына мүдделі, себебі сыртқысаудалық экономикалық байланыстар мен транспорт қызметінің тұтынушылар мүддесінің қажеттілігін қамтамасыз ететін тұрақты, теңқұқылы және өзарапайдалы байланыстарды қолдау үшін шараларды қамтамасыз етеді. 1995 жылдың басында РФ ТМД және Балтық теңізі елдерімен транспорттық ынтымақтастық туралы 60 көпжақты және екіжақты келісімшарттарға қол қойылды. Бұл келісімшарттарда транспорттың барлық түрлерінің құрылуына қолайлы жағдайлар қарастырылған, әсіресе, транспорттық құралдар салық салудан және жолды, басқа да хабарлама жолдарын пайдаланған үшін мемлекеттік жинақтан, тасымал арқылы тапқан табыстан салық салудан босатылады. Істеп тұрған ережелер, нұсқаулықтар, стандарттар және басқа да транспорттық құралдар жұмысын регламенттейтін құжаттар сақталынады. Халықаралық тасымалдың бұрынғы тәртібі сақталынады, транспорттық жүйенің біртұтас ретінде қалыптасуының басқа да көптеген мәселелері шешілді.