Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер

 

Қоршаған табиғаттағы аэрозолдар, барынша жиі кездесетін құбылыс. Тұзбен қаныққан аспан, емдік фитноцидтер, теңіз ауасы – осылардың барлығы пайдалы аэрозолдар. Сонымен бірге зиянды аэрозолдар да бар: двигательдің ішкі жануынан шыққан газдар; түтіндер және т.б.

Аэрозолдар тропосферада, сол сияқты атмосфераның жоғар­ы қабаттарында байқалады.

Иондар. Жердегі радиоактивтік сәулелену және атмосфера­да­ғы ғарыштық сәулелердің әсерімен иондар пайда болады. Ауа­ның 1 текше сантиметрінде олардың саны әлденеше жүзден әл­де­неше ондаған мыңдарға дейін жетеді.

Теріс зарядты жеңіл иондар тірі организмге жағымды әсер ете­ді. Ауасы ластанған қалаларда атмосферадағы иондардың са­ны неғұрлым аз.

Атмосфераның өзін-өзі тазалуы. Ауа мұхиты ластаушы зат­тар­дан өзін-өзі тазалау қабылетіне ие болып саналады.

Аэрозолдар атмосферадан жауын-шашын арқылы шайылып кетеді, иондар электр өрісінің әсерімен, сондай-ақ гравитация салдарынан атмосфераға отырады.

Кез келген ластану табиғаттың бейтараптандыруға бағыт­тал­ған қорғаныс кері әсерін туғызады, дегенмен атмосфераның өзін-өзі тазалау қабылетінің белгілі бір шекарасы бар екендігін атап өту көзделеді.

Атмосфералық ауаның маңызы аса зор:

· Атмосфераның құрамына кіретін оттегі тыныс алу про­це­сін­де бүкіл тірі организмдер үшін қажет;

· Жердің жылу тәртібін реттейді, жер шары бойынша жылу мен ылғалды қайта бөлуге (таратуға) әсер етеді;

· Жарық тәртібін анықтайды (айқындайды);

· Құртып, жойып жіберетін рентген, ультракүлгін және ғарыш сәулелерінен жерді қорғайды;

· Дыбыс тарату ортасы;

· әуе көлігі үшін маңызды жол.