Атмосфераның ластануының зардаптары

Атмосфералық ластану түрінде жер флорасы мен фаунасына және адамзат қоғамының өмірлік жағдайына әсер ететін ауада әртүрлі газдардың, қатты және шаң-тозаң бөліктерінің, булар­дың (табиғи немесе антропогендік көздерден түсетін), қоспа­лар­дың (концентрациялардың) артық жинақталып қалуы түсінді­рі­ле­ді. Атмосфераны табиғи және жасанды ластау ажыратылады. Шаңмен, судан көтерілген булармен және өзге де заттармен, вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныс­тарын желдің көтеріп әкетуі, орман және дала өрттері және т.б. с.с. табиғат құбылыстары нәтижесінде табиғи ластану болады.


 

Жасанды ластану адамдардың антропогендік қызметі нәти­же­сінде болады, негізінен, бұл - өнеркәсіп, көлік кәсіпорын­дары­ның, ауыл шаруашылық, құрылыс ұйымдарының, коммуналды-тұрмыстық объектілердің қоқыс-қалдықтары.

Жыл ішіндегі жер атмосферасында пайда болатын шаңдар­дың таралуы, ластану көздері бойынша 2.5.2. кестеде көрсетіл­ген.