Кестесі

Шаңның пайда болу көздері Саны (млн.т)
Теңіз тұздары
Топырақ шаңы
Вулкан қоқыстары
Өрт қоқыстары
Жанар-жағар майды (отынды) жағу кезіндегі
өнеркәсіп қалдықтары
Ауыл шаруашылық қалдықтары

 

Антропогендік ластанулардың үлесі жалпы көлемінің (мас­са­ның) 5%-ын құраса да, химиялық құрамы өте күрделі және адам мен табиғат үшін қауіпті саналады. Өнеркәсіп пен көліктегі жалпы қалдықтардың үлесі келесідей түрде көрінеді:

· улы газ – 31,9%;

· күкірт газы - 27%;

· азот тотықтары – 1,1%;

· ауадағы қатты бөліктер – 28,3%.

Жылу электр станцияларының ластау сипаты мен көлемі жағылған отынның түріне, оның химиялық құрамына және жағу технологиясына қатысты болады:

· қатты отын жағу кезінде шайыр, күйе, күкірт, көміртегі тотығы мен шаң бөліп шығарады;

· сұйық отында тәжірибе жүзінде күлділік болмайды, де­ген­мен көміртегімен байланысқан күкірт қосылыстары бар;

· газбен жағылатын отын азот тотықтарын құрайды.

Отынның барлық түрлерінің химиялық құрамы өзіне көмір­те­гі, сутегі, күкірт, азот және оттегін енгізеді, олар жану процесін­де адамдар мен орта үшін зиянды газ және шаң түзеді. Төменде кестеде (жалпы өнеркәсіп қалдықтары пайыздармен) көрсетілген.

 

  Шаң Күкірт газы Көміртегі тотығы Азот тотықтары Көмір сутек Атмосфераға жалпы таралу үлес салмағы
Жылу электр станциясы - - - 29,0
Құрылыс материалдары өндірісі - - - - 8,1
Қара металлургия 24,0
Мұнай өңдеу және мұнай химиясы - - - 15,5
Химия өнеркәсібі - - - - 7,3
Түсті металлугрия - - - 10,5
  Шаң Күкірт газы Көміртегі тотығы Азот тотықтары Көмір сутек Атмосфераға жалпы таралу үлес салмағы
Жылу электр станциясы - - - 29,0
Құрылыс материалдары өндірісі - - - - 8,1
Қара металлургия 24,0
Мұнай өңдеу және мұнай химиясы - - - 15,5
Химия өнеркәсібі - - - - 7,3
Түсті металлугрия - - - 10,5

 

 

Профильдері әртүрлі кәсіпорындардың қоршаған орта үшін зиянды, шығаратын қалдық қоқыстары да әртүрлі болып келеді:

· металлургия кәсіпорындары металл жүзгіндері мен олардың қосылыстарын бөліп шығарады (мыс, темір, қорғасын, мырыш, қалайы, никель, балқыма шпат, крио­лит, глинозем, көмір, күкірт ангидриді және т.б.);

· машина жасау кәсіпорны – кремнийдің екі тотығынан түратын (құю цехтары) газдар мен шаңдар, күйе (пісіру цехтары), қорғасын, көміртегі тотығын бөліп шығарады;

· мұнай өңдеу кәсіпорны мен вискозды өнеркәсіп кәсіп­орын­дары күкіртсутек, көмірсутектерін бөліп шығарады;

· химия өнеркәсібі кәсіпорындары азот тотығын, күкірт ангидридін, аммиак, күкіртсутек, хлорлы және фтористы қосылыстарды бөліп шығарады;

· құрылыс материалдары мен цемент өнеркәсібі кәсіп­орын­дары – атмосфераны әртүрлі шаңдармен ластайды;

ауыл шаруашылығында мал бағатын, құс өсіретін ферма­лар, ет өндіретін өнеркәсіп кешендері, пестицидтер, ми­не­ралды тыңайтқыштар ауаны ластаушы көздер болып қа­тысады, сондай-ақ аммиак, күкірткөміртек, күкіртсутек, химиялық қосылыстар, иісі нашар газдар негізгі лас­тау­шы заттар саналады. Автомобиль көлігі сияқты ластанудың негізгі көзін атап өту қажет. Әлемде 500 млн-нан аса машиналар бар десек, олардың қоршаған ортаға тигізетін зияны орасан екені сөзсіз. Автомашиналар жыл сайын атмосфераға 300 млн.т. көміртек тотықтарын, 50млн. тоннадан аса көмірсутек, 30млн.т. азот тотықтарын шығарады. Двигательдерден жанып шыққан газдар, 200-ден аса компо­ненттерден құралатын күрделі қосындыларды білдіреді, оның қатарында зиянды, улы заттар да бар: көміртек тотығы, азот тотығы, этилен, бензол, метан, толуол, күйе, күкірт ангидриді, қорғасын және күйе түріндегі қатты қоқыс - қалдықтар.