Атмосфераның ластануын сақтау және қорғау

Гигиеналық мөлшерлеу (нормалау) ғылыми-техникалық про­грестің органикалық бөлігіне айналды, ол сондай-ақ кең ауқымды әлеуметтік-гигиеналық маңызды проблемаларды да туғызуда.

Атмосфералық ауадағы ластанудың шекті рұқсат етілетін концентрациялын (ПОК) жасауда бұрынғы КСРО-ға үлкен орын беріледі. 1949 жылы проф. В.А. Рязанов атмосфералық ластану зияндылықтарының негізгі өлшемдерін әзірлеп, ұсынды:

1. Адамға тікелей немесе жанама зиянды және жағымсыз әрекет етпейтін, оның жұмыс қабылеттілігін төмен­дет­пей­тін, өзін сезінуі мен көңіл-күйіне әсерін тигізбейтін атмосфералық ауадағы қандайда бір зат концентрациясы ғана рұқсат етілетін болып танылуы мүмкін.

2. Зиянды заттарға үйрену (бейімделу) зерттеліп отырған концентрацияның рұқсат етілмеушілігін дәлелдеу және қолайсыз сәт ретінде қаралуы тиіс.

3. Өсімдіктерге, жергілікті климатқа, атмосфераның мөлдір­лі­гіне және тұрғын халық өмірінің тұрмыстық жағдайына қолайсыз әсер ететін зиянды заттардың концентрация­ла­ры­на рұқсат етілмейді.

Атмосфералық ластанудың рұқсат етілетін құрамы туралы мәселені шешу ластанушы әрекеттердің бар екендігі туралы түсініктерге (ұсыныстарға) негізделеді. Рұқсат етілетін шекті концентрацияларды ғылыми негіздеу кезінде атмосфералық ауа­дағы зиянды заттар лимиттік көрсеткіштер қағидасы (неғұрлым сезімтал көрсеткіштер бойынша мөлшерлеу) пайдаланылады. Мәселен, адам ағзаларына, сыртқы ортаға зиянды әсерін тигіз­бей­тін концентрацияларда иіс сезілмесе, мөлшерлеу табалдыры­ғын ескере отырып, жүзеге асырылады. Егер зат қор­шаған орта­ға аз концентрациялар жағдайында зиянды әрекет ет­се, онда ги­ги­еналық мөлшерлеу кезінде осы заттың әрекет ету табал­ды­ры­ғы (порог) ескеріледі.

Атмосфералық ауаны ластайтын әрбір зат үшін екі норматив белгіленген:

· бір жолғы шекті рұқсат етілетін концентрация (ШРК);

· орта тәуліктік шекті рұқсат етілетін концентрация.

Бір жолғы ең жоғары шекті рұқсат етілетін концентрация атмосфералық ластанудың қысқа мерзімдік әсер етуі (20 мин. дейін) жағдайында адамның рефлекторлық әсерленісін (иісті сезіну, мидың биологиялық-электрлік белсенділігінің өзгеруі, көздің жарық сезімталдығы және т.б.) ескерту үшін белгіленеді, ал орта тәуліктік шекті рұқсат етілетін концентрация оларды резоротиктік (жалпы уытты, канцерогенді, мутагенді және т.б.) ықпалдан сақтандыру мақсатымен белгіленеді. Атмосфералық ауаны қорғау – сақтандыру санитарлық қада­ғалауы негізгі етіп алынатын гигиеналық нормативтер өнеркәсіп объектілері орналасқан елді мекендер мен аудандардағы ауаның ластану ықтималдылығын сенімді түрде болжау мүмкіндігін береді. Қазіргі уақытта гигиеналық нормативтер атмосфераны ластайтын[kgl].