Су ресурстарының ерекшеліктері және оларды пайдала­ну.

Су – онсыз ешқандай технологияны жүзеге асыруға болмай­тын, шикізаттың айрықша түрі. Су өндірістің барлық кезең­дері­не пайдаланылады және ол әрбір адамға қажетті түпкі өнім­дер­дің бірі болып саналады. Сондықтанда су ресурстарын тиімді пай­далану мен қорғау мәселелерін оқып-үйрену қазіргі заман­ның аса көкейкесті экологиялық проблемасы болып саналады.

Су – бағасы өлшеусіз табиғат байлығы, оны ештемемен айырбастауға болмайды, жердегі өмір де онсыз мүмкін емес. Су – адам мен жануардың құрамды бөлігі болып саналады, өйткені тірі организмдегі заттар мен энергияның алмасу процесі су болған жағдайда ғана мүмкін. 10-12% суды жоғалту адам орга­низміне өте ауыр тиеді, ал 20-25% судан айырылу организмнің өмір сүру жағдайын тоқтатуға әкелуі мүмкін. 70 жыл ішіндегі бір адамның суға деген физиологиялық қажеттілігі шамамен 50 тоннаға тең.

ХХ ғасырдағы бүкіл әлемдік шаруашылықтың су жұмсаушы­лығы 2 есеге жуық өсті және аса зор көлемге жетіп, жылына 5 мың текше км. шамасын құрады, бұл бүкіл әлемдегі өзендердің жылдық ағысының 14%-ына тең деп айтуға болады. Аталмыш су көлемінің біршама бөлігін жер асты сулары құрай­ды. Солай десекте тұщы су ресустарының жалпы сушаруа­шылы­ғын­дағы мүмкіндігі 2,5-2,8 млн. текше км/жыл болып бағала­на­ды, ал қазіргі пайдалануға келетін қорлар – 42 мың текше км/жыл болып есептеледі. Олардың ішінде бар болғаны 14 мың текше километрі ғана өзен ағасының тұрақты бөлігін және 2 мың текше км. минералдылығы аз жер асты суларын құрайды. Өзендер әлемдегі сумен қамтамасыз ететін негізгі көз болып қала береді. Әлемдегі сумен қамтамасыз етудің 70%-ы ауыл шаруашы­лы­ғы үлесіне келсе, 13%-ы өнеркәсіпке, 10%-ы коммуналдық-тұр­мыс­тық қажеттіліктерге, 7%-ы су шаруашылығының өз мұқтаж­дарына (гидротехника, суда жүру, балық шаруашылығы және т.б.) жұмсалады.

Әлемдегі жердің үстіңгі қабатындағы ұйымдасқан (техника­лық) су қоймалары мен ағын сулардың жалпы көлемі 1300 тек­ше км/жылдан асып жығылады. Олардың құрамында техноген­дік қосындылардың жеткілікті түрде араласуы үшін орта есеп­пен алғанда одан 10 есе көп таза су қажетсініледі. Сөйтіп, судың табиғаттағы үздіксіз айналымына жиынтық түрдегі тіке антро­по­гендік араласу жылына 18 мың текше километрге дейін жетеді (су сақтайтын қойма (5) + ағындылардың қосылуы (13), бұл де­ге­німіз әлемдегі өзен ағындарының жартысына жуығын құрай­ды).

Одан өзге, ормандарды отаудан, транепирация көлемінің кемуімен келісілген, ғаламдық үздіксіз су айналымына маңызды шекте жанама араласу өмір сүреді. Әлемнің өнеркәсіп аудандарындағы кейбір өзендердің сула­ры толықтай дерлік су тұтынудың әртүрлі техникалық жүйелері арқылы өтеді. Өнеркәсіпте және энергетикада су айналымы ке­зең­дерін қолданудың арқасында бұл салаларда судың жиынтық түрде пайдаланылуы тұтастай алғанда қоймаларда сақталатын таза су көлемінен 2,8 есе асып кетеді.

Халықтың және шаруашылықтың сумен қамтамасыз етілуші­лігі әлемнің әртүрлі аймақтарында алуан түрлі. Әртүрлі өндірістің суды қажетсінушілігі өнімдердің түрле­рі­не, қолданылатын техникалық құралдар мен сумен қамтамасыз етудің технологиялық схемасына қатысты болады,

 

Өндіріс салаларының суды қажетсінушілігі (текше метр)

 

Салалар (1т. дайын өнімдерді өндіруге жұмсалатын шығындар) Су көлемі (текше метр)
Көмір 0,6
Мұнай
Болат
Синтетикалық талшықтар
Қағаздар
Резиналар (сағыздар)
Синтетикалық каучук 3000-ға дейін

 

Су ресурстарын пайдалану сутартқылармен ғана шектел­мей­ді, өйткені қатынас жолдары - көлік бағыттары ретінде де кеңінен пайдаланылады. Жылына 35 трлн. т-км болып баға­ла­на­тын әлем­дегі бүкіл аса зор су жүк айналымының 4%-ға жуығы ішкі су көліктерінің үлесіне келеді. Әлемдегі өзен ағыстарының ма­ңызды бөлігі суэлектрстанциялары плотиналары арқылы өте­ді. Осы заманғы техногендік қосындылардың жершарындағы су айналысынан артып кетуі, ылғалдардың географиялық бөлінуі мен табиғи көздердегі су сапасына түбегейлі түрде әсер етуі мүмкін.

 

7.2 Ластанудың негізгі көздер мен себептері.

Антропогендік ластану жердегі табиғи сулардың осы заманғы сапалық өзгеріске түсуінің негізгі себебі болып саналады. Мына­лар олардың басты көздері болып қызмет етеді.

· өнеркәсіп кәсіпорындарының ағынды сулары;

· қалалардағы және өзге елді мекендердегі комуналды ша­руа­шылықтардың ағынды сулары;

· суландыру жүйелерінің ағындылары, далалар және өзге ауыл шаруашылық объектілерінің жердің бетіндегі ағын­ды­лары;

· су қоймалары мен су сақтайтын бассейндердің үстіне ат­мос­фералық ластағыштардың түсуі. Одан өзге, қалдық су­лар­дың ағындылары (нөсер ағындары мен еріген сулар) тех­ногендік террааполлютанттардың негізгі бөлігімен (жер­ді техногендік ластанушылар) су қоймаларын ластай­ды.

Гидросфераны антропогендік ластау қазіргі уақытта ғалам­дық сипатқа ие болды және планетадағы тұщы су ресурстарын пайдалану мүмкіндіктерін түбегейлі түрде азайтып жіберді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және коммуналдық-тұрмыс­тық ағынды сулардың жалпы көлемі 1300 текше км-ге жетеді, оны сұйылту үшін шамамен 8,5 мың текше км. су қажет етіледі екен, яғни әлемдегі өзендердің 20% толық және 60% тұрақты ағыны керек болады деген сөз. Оның үстіне жекелеген су бас­сейн­дері бойынша антропогендік жүк орта ғаламдық деңгейден әлдеқайда жоғары болып саналады. Гидросфера ластағыштарының жалпы массасы жылына 15 млрд. тоннаға дейін жетеді, олардың құрылымы 2.3.2. кестеде келтіріліп отыр. Мұхиттар мен планетадағы құрылық суларын жаппай ластағыштардың мөлшерлі саны

 

Заттардың топтары Жылына млн/т
Батып кеткен кемелер, жүзіп жүрген және батырылған қоқыстар
Техногендік сипаттағы жүзгін заттар
Еріген анорганикалық заттар
Оның ішінде тыңайтқыштар
Ауыр металдар тұздары
Синтетикалық органикалық заттар
Оның ішінде кір жуатын құралдар, СПАВ
Фенолдар және өзге циклдік көмірсутектер
Пестицидтер
Биогендік органика
Мұнай өнімдері
Техногендік табиғатқа аэрогендік ластаулар (шаң)

 

Ауыр металл тұздары, фенолдар, пестицидтер және өзге де органикалық улар, мұнай өнімдері, бактериялармен қаныққан биогенді органика, синтетикалық активті заттар (СПАВ), басқа кір жуатын заттар мен минералдық тыңайтқыштар. Су айдындарының химиялық ластануынан өзге, оған сондай-ақ механикалық, термикалық, биологиялық және радиоактивтік ластанулар әсерін тигізеді. Пайдаланылғаннан кейін су айдындарына ағызылатын сулар өзінің құрамы бойынша әртүрлі сапада болады. Осы өлшем бойынша ол үш түрге: шартты-тазаға, тазаланған-нормативтіге және тазаланбағанға (ластанғанға) бөлінеді. Ағынды жердегі су айдынының физикалық-химиялық құрамының өзгеруіне әкеле­тін су шарттары-таза су деп аталады. Бұл – алдын ала тазалауды талап етпейтін су. Тазалаудан өткен және оған ағызылған су айдындағы су сапасының өзгеруіне әкелмейтін ағындар тазаланған норматив­тік ағынды сулар деп аталады. Ондағы ластаушы заттардың құрамы шекті-рұқсат етілетін концентрацияларға сәйкес келеді. Ластанған ағынды сулар – бұл тазалаусыз немесе жеткілікті емес түрде тазалаусыз ағызылған (жиналған), шекті-рұқсат еті­ле­тін мөлшерден жоғары ластаушы заттарды құрайтын ағындар.

Адамның шаруашылық қызметінің кеңеюімен теңіздер мен мұхиттардың ластануы да ұлғая түсті. Мәселен, мұнай – суды ластайтын аса қауіпті заттың бірі болып саналады. Тек 1т мұнайдың өзі теңіз аумағының 1200 га бетін жұқа қабатпен жабуға қабылетті. Мұнай – күн сәулесін жібермей және судағы оттегінің пайда болуын баяулата отырып, теңіздегі тіршілік иелерінің өміріне жағымсыз әсер етеді. Мұнайдың ластауы – бүкіл әлемдік мұхиттардың өміріне әсер ететін қатерлі фактор болып саналады.

Мұхиттардың ластануына сондай-ақ судың өзінің бойында газды ерітетін бірегей қасиеттерінің болуы да өз әсерін тигізуде. Мынадай жайлар анықталған: мұхиттарға жауынмен бірге 20 мың тонна қорғасын, 1 млн. т. көмірсутектері (автомашиналар­дың шығаратын газдарының құрамындағы) және 5 мың. т. сы­нып (жанар-жағар майға және қағаз өндіру кезінде қосылатын) түседі.

Тәжірибе жүзінде сондай-ақ радиоактивті изотоптарды жою немесе залалсыздандыруға болмайды.

Мұхиттарға өнеркәсіп қалдықтары түрінде 2,3 млн. т. қор­ға­сын, 1,6 млн. т. марганец, 6,5 млн. т. фосфор, көп мөлшерде сы­нап, хром және улы химиялық заттар шығарылады. Мұхиттарда миллиондаған пластикалық қапшықтар, 35 млн. бос пластмасса шөлмектер мен 70 млн. шыны және пластмассалардан жасалған алуан түрлі өнімдер жиналған.

Қалалардағы ластанған ағынды сулардың құрамы кестеде келтірілген.

Ластану түрлері 1 л судағы мг
Кір жуатын құралдар 10-25
Кадмий 5,6
Мыс 0,5
Қорғасын 0,5
Темір 0,8
Натрий 23,2
Мырыш 0,2
Фосфаттар 6,6
Майлар 4,53

 

Пестицидтер қауіпті ластаушыларға айналды. Әлемде шыға­рылатын пестицид өнімдері жылына 200 мың тоннаға дейін жетеді. Бұл қосылыстардың көпшілігінің салыстырмалы түрде химиялық беріктігі, сондай-ақ таралу сипаты олардың теңіздер мен мұхиттарға үлкен көлемдерде түсуіне әсерін тигізеді, олардың бірте-бірте хлорорганикалық заттар түрінде жинақ­та­луы адамдардың өмірі үшін алаңдатарлық қауіп төндіреді.

Табиғи ортаға антропогендік жағымсыз әсер ету сөзсіз түрде болады деп саналады, сонымен бірге оны жоюға немесе оның қауіпін азайтуға болады. Экологиялық жүйеге мөлшерден артық жүк түсіруге әкелмейтін әсер ету қалыпты әсер болып саналады.

Ластану, тозу, қоқыстармен толтырылу су ресурстарына ан­тропогендік жүктердің үлесін айқындайтын негізгі компо­нент­тер болып саналады.