Тиімді пайдалану проблемалары

Қазақстан Республикасының жер бетіндегі су ресурстарының орташа жылдық деңгей мөлшері 100,9 млрд. текше метр болып бағаланады, оның 56,5 млрд. текше метрі Қазақстан аумағынан құралса, 44,4 млрд текше метрі – белгілі бір аумақтардан (ҚХР, Өзбекстан республикасы, Қырғызстан және Ресей федерациясы) түседі.

Қазақстанның су ресурстары бұрынғы Кеңестер Одағы су ресурстарының 2,1%-ын құрайды. Қазақстан сумен қамтамасыз етілуі бойынша бұрынғы одақ республикалары арасында ең соңғы орын алады. Сумен қамтамасыз етушіліктің 1 шаршы км-ге шаққандағы үлесі 36,4 мың текше метрге тең болса, бір адамға жылына 6,0 мың текше метрден келеді.

Тұрғын халықтың ауыз суға деген қажеттіліктері өзендер ағыны, сол сияқты жер асты сулары есебінен қанағаттандырыла­ды, барлық облыстарда дерлік ауыз судың маңызды қоры бар. Аумағы 2 мың шаршы км жерді алып жатқан, көлемі 98 текше километрден асатын (Балқаш көлі суының 1/5 көлеміндей) мұздақтар Қазақстан өзендерінің нәр алатын негізгі көздері болып саналады.

Қазақстандағы өзендердің саны 8 мыңнан асады, олардың әрқайсысының арнасының ұзындығы 10 км-ден асады.

Егін алқаптарын суғару, өнеркәсіп кәсіпорындар мен кому­налдық-тұрмыстық қажеттіліктерді сумен қамтамасыз ету үшін каналдар қазылған. Олардың ішіндегі аса маңыздылары – Ертіс – Қарағанды – Жезқазған (500км), Арыс – Түркістан (200км) және т.б. каналдар болып саналады.

Республикада әрбірінің көлемі 1 га-дан асатын 48 мың көл бар. Ең үлкендері Балқаш (ұзындығы–605км, ені–74 км), Алакөл (104/52 км), Теңіз, Марқакөл және т.б. Қазақстан көлдерінің жалпы су көлемі 190 текше километр, олардың ішінде 20 текше километрге жуығы тұщы сулар болып саналады. 4 мыңнан аса су қоймалары мен плотиналар салынған, олардың жалпы аумағы 10 мың шаршы км-ны құрайды, бұл су қоймалары мен плотина­лардағы су көлемі 90 текше километрге жуық. Олар негізінен өнеркәсіп орталықтарын сумен, әлектр қуатымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ жер суландыру үшін пайдаланыла­ды.

Су ресурстарының тапшылығы Қазақстанның тұрақты да­муы­на кедергі келтіріп отырған негізгі экологиялық проблема­лар болып саналады.

Қазіргі кездегі суландыру деңгейінің төмендігі жағдайында, су ресурстары толықтай дерлік пайдаланылады, мұның өзі, біздің республикамыздың алдағы уақыттағы әлеуметтік және экономикалық дамуына әсер ететін қолайсыз факторлар болып саналады. Суды тұтынушылардың басым көпшілік бөлігі суға тапшы аймақтарда орналасқан, суды пайдалану қажеттілігінің жыл ішіндегі кестесі республиканың таулы және жазық аумақтары үшін күрт өзгеше­леніп көрінеді. Суармалы егістік жерлер су ресурстары­ның негізгі тұтынушылары болып саналады, бұл жерлердегі суға деген қажеттілік негізінен жылдың жылы мезгілдеріне келеді, суландырғаннан кейінгі сулардың бір бөлігі өзендерге қайта құйылады және топырақтың құрамындағы пестицидтермен, тұздармен қаныққан сулардың сапасы нашар күйінде әлденеше рет қайыра пайдаланылады. Бұл өзеннің төмен­гі сағаларындағы суды тұтынатын адамдардың денсау­лығына маңызды түрде кері әсерін тигізеді. Топырақ беті жеткілікті түрде құрғатылмаған аумақтар бөлігінде топырақтың қайыра сортаңдануы мен оның жылынуы пайда болады, бұл өз кезегінде жер ресурстарының үлкен шығындарына әкеліп соқтырады. Ондағы су тартқылары­ның жерді суландыруға жұмсалуына байланысты өзен ағыстары­ның баяулауы, өзен аңғарларының кеуіп қалуы мен жерге сіңуі және Арал теңізінің тартылуы, суларды ирригациялық пайдала­ну­мен байланысты өзге де процестер жиі түрде ландшафтардың маңызды түрде өзгерістерге ұшырауын туғызады.

Республикадағы сулардың жай-күйі қосындылардың химия­лық құрамымен, тұздар және оның салмақты бөлшектерінің құ­ра­мымен, температурамен сипатталады.

Судың сапасы – бұл шаруашылық, ауыз су, мәдени-тұрмыстық, балық шаруашылығы мен техникалық мақсаттар үшін пайдалану мүмкіндігін айқындайтын судың құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы. Қазіргі уақытта республикадағы ауыз судың сапасы 2874-82 ГОСТ-пен регламенттеледі.

Қазақстан стандарты өзіне міндетті 30 көрсеткіштерді енгі­зе­ді, ал осы мезгілде бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы ауыз су сапасының 100-ден аса көрсеткіштерін ұсынады.

Республикадағы жердің үстіңгі қабатындағы су бассейнде­рі­нің ластануының негізгі себептері – су айдындарына тазартыл­маған немесе жеткілікті түрде тазартылмаған ағынды суларды:

· тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және халыққа тұрмыстық қызмет ету ұйымдарының;

· өнеркәсіп кәсіпорындарының;

· ауыл шаруашылық және өзге шаруашылық салаларының қайыра ағызуы болып саналады.

Ағынды суларды ластаушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Физикалық жағдайы бойынша қоспалар:

· ерімейтін;

· коллоидты;

· еритін болып бөлінеді.

Одан өзге ластану:

· минералды;

· органикалық;

· бактериалдық;

· биологиялық болып ажыратылады.

Республикада су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау мә­се­лелері бүгінгі күні аса көкейкесті міндеттердің бірі болып са­на­лады. Қазақстан аса ауқымды көп салалы халық шаруашы­лы­ғы кешеніне ие бола отырып, су ресурстарымен жеткіліксіз және біркелкі емес қамтамасыз етушілікті сезінуде. Аталмыш пробле­ма­ны шешуде су пайдалануды тиімді реттеудің маңызы зор болып саналады.

Қазақстан Республикасында су пайдаланудың құқықтық негі­зі 2000 жылғы 9 сәуірдегі қабылданған су кодексімен белгілен­ген.

Суды тиімді пайдалану, су ресурстарын ластанудан, қоқысқа толып кетуден қорғау, сондай-ақ топыраққа тигізетін зиянды әсерінен сақтандыру мақсатында су қатынастарын реттеу оның негізгі міндеттері болып саналады.

Су мемлекеттік меншік болып саналады және тек пайдалану­ға ғана беріледі.

Су пайдаланудың мынадай түрлері белгіленген:

· ауыз су; ауыл шаруашылығындық;

· тұрмыстық; өнеркәсіптік;

· емдік; энергетикалық;

· курорттық; көліктік;

· балық шаруашылығындық және т.б.

Суды пайдаланушы су ресурстарын тиімді және үнемді пай­далануға, су сапасын қалпына келтіру үшін шаралар қабылдауға, өнеркәсіптік мақсаттарға жұмсалатын су көлемін азайту үшін ық­пал етуге және олардың ластанушылығын болдырмауға мін­де­тті.

Су объектілері халықтың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін ластанулардан, қоқыстарға толудан, балық қорын азайтуға әке­ле­тін жайлардан, сумен қамтамасыз етудің нашарлауынан, өзін-өзі тазалайтын судың табиғи қабылетін жоғалтуынан, сулардың гидрогиялық режимінің бұзылуынан қорғалған болуы тиіс.

Су ресурстарын қорғау туралы заңда суды жоспардан тыс ысырап жасағаны, ластағаны, қалай болса солай пайдаланғаны, су қашыртқыларындағы суды қорғау тәртібін бұзғаны, өз беті­мен гидротехникалық жұмыстар жүргізгені, су шаруашы­лығы объектілерін бүлдіргені, пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктер белгіленген.

Шағын өзендерді қорғауға (ұзындығы 200км) айрықша назар аударылады.

1974 жылы жер үстіндегі суларды ағынды сулардың ласта­ну­ы­­нан қорғау Ережесі қабылданды.

Су көздерінің ластануы көпшілік жағдайларда, су айдын­да­ры­ның ластануы нәтижесінде өндіруге болмайтын немесе оны өндіруді тоқтатуға тура келетін өнімдерді ұдайы өндіру (қалпы­на келтіру) үшін қажетті суды тұтынушылар шығындарының (күрделі немесе пайдалану немесе екеуінің де бірдей) көбеюін ту­ғызады. Басқалай айтсақ, су сақтайтын, су тартатын, су бөле­тін құрылғылар салуға және оны кеңейтуге, өзен арналарын сауықтыру шараларын жүзеге асыруға, ластанған су көздерін балық өсіруге, ауылшаруашылық дақылдарын егуге және т.б. пайдалануға қажетті шығындар ескеріледі.

Су көздерінің ластануымен байланысты құрып кеткен өнім­дерді көбейту (өсіру) бойынша шараларды жүзеге асыру үшін қажетті шығындар су тұтынушылардың әртүрлі категориялары өз үстемдігін жүргізетін су айдындарының ластану деңгейіне жә­не оны төмендетудің қажетті дәрежесіне қатысты болады.

Су көздерінің ластануынан келген халық шаруашылығын­да­ғы шығындар түрінде әртүрлі су пайдаланушылар көздерінің лас­тану зардаптарын жоюмен байланысты материалдық ресурс­тар мен жұмсалған еңбек шығындарының көлемі, сондай-ақ халықтың әлеуметтік-гигиеналық жағдайының нашарлауы тү­сін­діріледі. Келтірілген залал экономикалық, сол сияқты әлеу­мет­тік-гигиеналық тұрғыдан бағалануы тиіс.

Экономикалық бағалау кезінде құндық бағалауға ие залалдар есепке алынады.

Халық шаруашылығындағы осыған ұқсас пайда болатын шығындар алуан түрлі болып келеді.

Коммуналдық және өнеркәсіптегі сумен қамтамасыз етудегі табиғи сулар сапасының нашарлауы сутартқыны ауыстырумен немесе су тазалауға арналған неғұрлым күрделі жүйелер мен қондырғылардың құрылысымен я болмаса өзге де көздерден сумен қамтамасыз ету жүйесін салумен байланысты қосымша шығындар жұмсауға әкеледі.

Өнеркәсіпте, алдын ала тазалаусыз ластанған су қоймалары­нан суды пайдаланған кезде өнімдердің сапасы төмендейді, ма­те­риалдың беріктігі мен төзімділігі нашарлайды, өнімдердің өңі өзгереді, жабдықтардағы қалыпты жылу алмасу бұзылады, тех­нологиялық жабдықтардың қуаты кемиді, металдың тотығуы көбейеді және т.б.

Ауыл шаруашылығындағы су көздерінің ластануы қажетті сапада су алу үшін әртүрлі шараларды жүзеге асыруға жұмсала­тын шығындардың көбеюіне әкеледі.

Балық шаруашылығында – су көздерінің ластануынан балық­тар жойылады, оның тамақ өнімі ретіндегі тауарлық сапасы тө­мен­дейді, су қоймаларының өнімділігі кемиді.

Су көздерінің ластануы су астындағы су тартқы құрылғы­лар­дың, өзен порттарының, суэлектрстанцияларының, плотиналар­дың және т.б. қызмет мерзімін қысқартады.

Шығындарды әлеуметтік-гигиеналық бағалау кезінде су көз­де­рінің сауықтыру, спорттық және эстетикалық құндылықтары­ның төмендеуінен туындайтын залалдар (ақшалай түрде баға­лау­ға жататын) ескеріледі.

Су көздерінің ластануы адамдардың арасында аурулар туғы­зуы немесе қоршаған ортаға оның эстетикалық қабылдауы мен гигиеналық жағдайын нашарлататын қандайда бір зиянын кел­ті­руі мүмкін. Қазіргі уақытта әлеуметтік секторда су көздерінің ластануына қатысты шығындарды (залалдарды) бағалаудың жал­пыға бірдей танылған әдістемесі жоқ.

Материалдық ресурстар мен еңбек шығындары залалдары­ның мөлшері су көздерінің ластану зардаптарын жоюға арналған шараларға жұмсалған шығындардан, яғни талап етілетін сапаға дейін ластанған суларды тазалауға, жоғалып кеткен өнімдерді (балықтарды, жем қорларын, ауыл шаруашылық дақылдары жә­не т.б.) қалпына келтіру, өсіру, көбейтуге, сондай-ақ су көзде­рі­нің ластануы нәтижесінде құрып кеткен сулар немесе өнімдерді қалпына келтіру бойынша шығындардан көрінеді.

Су көздерінің ластануынан келген шығындарды бағалау өлшемдері, халық шаруашылығына келтірілетін материалдық ресурстар мен еңбек шығындары залалдарының көлемін толық­тай көрсете отырып, жинақтап-қорытушы сипатты білдіруі тиіс.

Су көздерінің ластануынан болған зиян зардаптарын жою шығындары ақшалай түрде (құндық формада) өлшенетін осын­дай өлшем болып саналады.

Су көздерінің ластануынан келген залалдарды есептеп шыға­ру (бағалау) кезінде нақты, сондай-ақ күтілетін немесе болуы мүм­кін залалдар болып ажыратылады.

Нақты залардар түрінде, қалыптасқан жағдайда осыған дейін-ақ орын алған (су тартқыны басқа жерге ауыстыру, өзге көздерді пайдалану, жоғалып кеткен өнімдерді қалпына келтіру, өсіру, көбейту), еңбек шығындары мен материалдық ресурстар залал­да­ры түсіндіріледі.

Одан өзге қалыптасқан аталмыш жағдайда талап етіліп отыр­ған сападағы суды алу әлі де өз тұтынушыларын қамтамасыз ет­пей­тін залалдар ескеріледі.

Су көздерінің ластануынан келген нақты шығындарды баға­лау кезінде, су көздерінің ластануынан туындаған қосымша шы­ғын­дар (күрделі және пайдалану) анықталады.

Күтілетін немесе болуы мүмкін залалдар түрінде ластанған көздерді пайдалану нәтижесінде, алдағы уақытта (есепті кезеңді) орын алуы мүмкін еңбек шығындары мен материалдық шығын­дар­ды түсіну көзделеді.

Су көздерінің ластануынан күтілетін немесе болуы мүмкін залалдарды бағалау кезінде барлық келген шығындардың орнын толтырудың бүкіл мүмкін варианттары қарастырылады.

Барлық салыстырмалы варианттар, су көздерінің белгілі бір ластануы нәтижесінде болған залалдардың орнын толтыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Су көздерінің ластануынан күтілетін немесе болуы мүмкін залалдар жаңа су тұтыну объектілерінің құрылысын салу, соған дейін жұмыс істеп тұрған объектілерді қайта жаңарту кезінде анықталады.

«Таза» су сапасының негізі (эталоны) үшін залалдар мөлше­рін есептеп шығару кезінде көздердің ласталушылығын салыс­тырмалы түрде бағалау үшін, ағынды сулардан ластанған жер үстіндегі суларды қорғау Ережелерімен регламенттелген көз­дер­дегі су сапасы алынады.

Кейбір ластанулардың рұқсат етілетін (жол беруге болатын) концентрациялары туралы деректер жоқ болған кезде, олардың мөлшерлерін әрбір нақты жағдайда, су ресурстарын санитарлық қорғаудың жергілікті органдары белгілейді.

Залал мөлшері ластаушы заттардың түсуі мен құрамына, жер беті қабаттарындағы ағындар тәртібіне, суды пайдалану көлемі мен тұтынушылардың құрамына қатысты болады.

Су көздері сапасының нашарлауынан туындаған шығындар­дың орнын толтыру су көздерінің ластанушылық дәрежесіне, су­ды тұтынушылар құрамына қатысты әртүрлі уақыт кезеңдерінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Осы жағдайда, сондай-ақ уақыттар аралығындағы залалдар­дың өзгергіштік сипатын ескере отырып, жыл ішінде келтірілген залалды немесе залалдың үлестік мөлшерін (текше метрге су көзінен алынатын, қойылған өнім бірлігіне) анықтау қажет [kgl].