Азақстан республикасындағы жер ресурстарының экологиялық жағдайы.

 

Республикамызда жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң күші бар Жарлығына сәйкес жүргізілуде. Онда жер қорларын барлау мен өндіруге контракты, олардың түрлері, қолдану мерзімі мен шарттары, жер қойнауын және аймақтағы табиғи ортаны қорғау және олардың міндеттері, жалпы экологиялық талаптар, жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау, халықтың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер қойнауының мемлекеттік қоры, оның мемлекеттік мониторингі, жер қойнауына жүргізілетін мемлекеттік сараптама және сол сияқты ережелер орын алған. Сонымен қатар, осы Жарлыққа және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлық жер қойнауы, оның ішінде пайдалы қазба байлықтар мемлекет меншігіне жатады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

- мемлекеттік жер қойнауы қорларын басқару мен жер қойнауын пайдаланудың кағидаларын белгілейді;

• мемлекеттің мұқтажын қанағаттандыру үшін минералдық шикізаттардың стратегиялық және тапшытүрлерін орналастыратын учаскелерді айқындайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шек қояды, қоршаған ортаны сақтау, халықтың
қауіпсіздігін, келешек ұрпаққа қалатын қорларды сақтау үшін оларды жабуды;

• қазып шығаратын өнеркәсіп саласындағы жер қойнауын пайдаланушыларға төлем жэне салық төлеуді;

лицензия жэне шарт жасаудың тәртіптер анықтайды. жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия беру, сонымен қатар лицензия мен шарттарды бұзбауды бақылайды, заңда көрсетілген басқа да шараларды жүзеге асырады. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынандай операцияларды жүргізу үшін беріледі:

• жер қойнауын Мемлекеттік геологиялық зерделеу;

• барлау;

• өндіру;

• өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын
салу және пайдалану.

Жер қойнауын пайдаланушылардың құқығы тұрақты немесе уақытша қарауына алынған немесе алынбаған, ақылы немесе ақысыз болуы мүмкін.

Тұрақты және ақысыз жер қойнауын пайдаланушылардың құқығы және меншігінде немесе тұрақты жер пайдалануда жер қойнауын пайдаланушылар қарауындағы жер учаскелерінде жалпыға ортақ пайдалы қазба байлықтарды шығаруды жүзеге асырады. Қалған операция түрлерінің барлығы жер қойнауын уақытша және ақылы пайдалану негізінде жүргізіледі ететін минералдық шикізаттар базасын дамытудың үйлесімді жоспарын дәлелдеу;

• кейбір кен орындары қазба байлықтарының халық
шаруашылығыңдағы маңыздылығының бағалануы.

Бүгінгі минералдық шикізаттар ресурстарының құндылығы мына баға түрлеріне негізделеді:

• еліміздің жер қойнауынан алынатын байлықтардың
құндылығы, халық шаруашылығын ең аз қоғамдық еңбек шығындарымен өндірілген шикізатпен толық қанағаттандыратын ету үшін минералдық шикізаттар базасын үйлесімді дамытудың бағдарламасын дәлелдеу;

• кейбір кен орындарыңдағы қазба байлықтардың халық
шаруашылығы үшін маңыздылығын немесе олардың
жиынтығын бағалау;

• қазба байлықтардың экономикалық шығындарын бағалау.

Пайдалы қазба байлықтардың экономикалық бағасы оның қорын шаруашылықта пайдаланғанда алынатын тиімділік көрсеткішімен өлшенеді.