Жер ресурстарының сақылуы мениластану көздері мен себептері

Жер - өндірісқұралы ретінде еңбек процесінің материалдық алғышарты, оның аса маңызды заттық факторларының бірі. Ол халық шаруашылығының бірқатар салаларына, ең алдымен ауыл және орман шаруашылығына табиғаттың өзі берген басты өндіріс құралы. Өндіріс құралы ретінде жердің негізгі қасиеті - оның құнарлылығы.

Жер шаруашылық айналымына енгізілгеннен кейін, оның құнарлылығы тынайтқыштар пайдалану, техникалық құралдарды, жерді өңдеу технологиясын жетілдіру арқылы, яғни техникалық прогресс негізінде қолдан жаңартылып, жақсартылады. Жердің құнарлылығын арттыру, онын табиғи және қолдан жасалған өндірістік мүмкіндіктерін пайдалануды дұрыс ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Жерді пайдаланудың тиімділігін арттырудың аса маңызды шарты - оның экономикалык құнарлылығын арттыру болып табылады.

Жердің құнарлылығы дегеніміз - адамға керекті өсімдік өнімдеріне, мал шаруашылығына керекті жағдай туғызу. Жердін құнарлылығы ондағы қоректік заттардың мөлшеріне, топырақтың құрылымына, тағы басқа биологиялық, климаттық факторларға байланысты. Бұлар алғашында жаратылыста болатын табиғи процестердің барысында қалыптасады.

Жердің экономикалық құнарлылығының көрсеткіші - ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен мал шаруашылығының өнімділігі болып табылады. Бұл жер сапасының, тұтыну құны жақсаруының тікелей айғағы.

Жердің өндіріс құралы ретіндегі аса маңызды ерекшелігі шаруашылық айналымындағы жердің тұтыну құны кемімейтіндігі былай тұрсын, қайта жақсара беретіндігінде.

Жердің негізгі өндірістік қасиеті (құнарлылығына байланысты), оның ерекшелігі - ол бір мезгілде еңбек заты да, еңбек кұралы да бола алады. Өндіріс процесі топырақты өндеуге бағытталса, жер еңбек заты ретінде қызмет етеді. Сондықтан шаруашылық айналымына тартылған өндірістегі жерді тек табиғат сыйлығы ғана деп қарауға болмайды. Бұл жағдайда жердің өндіргіш қасиеті - ол адамның еңбек етуінің нәтижесі, ал оның тиімділігі жұмсалған шығындарды есепке ала отырып, бағаланады. Бірақ, жер ауыл шаруашылығы өндіріс процесінің алғашқы сатысында ғана еңбек заты ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің шарты және оның барлық технологиясының негізі ретінде жер еңбек құралы болып табылады. Жердің қүнарлығы, оның ауыл шаруашылығы дакылдарын қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету қабілеттілігі оның ерекше өндіріс кұралы етеді. Бұл ретте жердің өзгешелігі сол - адам топырақта болып жататын биологиялық, химиялық, тағы басқа процестерді пайдаланады бұл процестер үшін қолайлы жағдай туғызады, оларды бақылап, белгілі мақсатқа қарай бағыттайды. Бұл орайда жерді өндіріс кұралы ретінде пайдалану проблемасы машинаны немесе жабдықтарды пайдаланудан әлдеқайда қиын. Бұл істе де ілгері басу техникалық прогрестің дамуына тікелей байланысты . Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында жердің мемлекеттік меншікпен қатар, жеке меншікте болу құқығының енгізілуі аса маңызды экономикалық-элеуметтік мәртебелі игі іс болып отыр.

Бірқатар себептерге байланысты республикамызда жер ресурстары ауыл шаруашылық өндірісінде толық пайдаланылмай келеді. Негізгі себеп – жел эрозиясымен қатар топырақтағы су эрозиясы да басып келді. Күні бүгін жел эрозиясына ұшыраған жердің жалпы мөлшері 4,3 млн. гектарға жеткен. Әсіресе Арал өңіріндегі 59,6 млн. жердің ахуалы мен пайдаланылуы қауіпті жағдайда. Өңірде климаттық және гидрологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты жел эрозиясы тұрақты түрде өріс алуда. Мұндай қолайсыз жағдайдар Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарына тән екендігі мәлім.

Осы айтылғандар жердің экономикалық тиімділігін арттырудың әлі де пайдаланылмай жатқан көп резервтерінің бар екендігін білдіреді. Жердің толық пайдаланылмауы оның өнімділігінің кемуіне әкеліп соқтырады. Дұрыс пайдаланатын болсақ, жер өзінің сапасын сақтап қана қоймайды, ол сонымен қатар жақсара да түседі. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану дегеніміз- бұл жерде шаруашылықты дұрыс жүргізу және оның кұнарлылығын арттыру. Жер ресурстарын пайдалану, жақсарту - маңызды кешенді міндет. Ол бірнеше бағыттарды қамтиды. Бастапқы шаралар - шаруашылық айналымынан шығарылып қалған жерлердің көлемін мейлінше азайту. Бұған жататындар: ауыл шаруашлығының мұқтаждарына жатпайтын жерлердің көлемін қысқарту; жер қыртысына жел және су эрозияларынан қорғау, ішкі және шаруашылық аралық жерлерді тиімді орналастыру; елді мекенді жерлерді жоспарлау, т.б.

Қосымша шараларға - жердің тозу процесін, топырақ қүнарсыздануын тоқтату; мелиорациялау; химияландыру; егіс көлемі кұрылымын жетілдіру негізінде егіншілік өнімін өндіруді арттыру, т.б. жатады.

Жер ресурстарын, әсіресе, суармалы жерлерді ұқыпты пайдалану шараларының ең маңыздысы - жерді мелиорациялау. Оның көмегімен пайдаланыстағы жердің құнарлылығы үнемі артып, қайта жаңарады, бұрын егіншілікке жарамай осының нәтижесінде қалған жерлер ауыл шаруашылығы айналымына қосылады. Сөйтіп, мелиорация егін шаруашылығын қарқынды дамытудың басқа да көздерін пайдалану тиімділігінің неғұрлым тез өсуіне мүмкіндік туғызады. Жерді пайдалануды жақсартудың қазіргі заманғы ең тиімді жолы - оны химияландыру болып отыр. Химияландыруды барынша кеңінен қолдану жердің құнарлылығына арттырып, дақылдардың өнімділігінің ұдайы өсуін қамтамасыз етуі.

Жер ресурстары - қоғамның маңызды байлығы, сондықтан оның құндылығы ақшалай бағаланып, ұлттық байлықтың кұрамына жатқызылады. Жерді бағалау дегеніміз -жер қыртысының табиғи қасиеттерін анықтау болып табылады. Жерді экономикалық бағалау негізгі үш түрлі қызмет атқарады: біріншісі - есептеу, екіншісі - жер корын тиімді пайдалануды экономикалық тұрғыдан ынталандыру, үшіншісі - жер тілімдерінің сапалық қасиеттері. Бұлардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және жалпы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға қызмет етеді. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын топырақтың сапасын анықтаудың алғышартына оның нақты жағдайда дақылдардың шығымдылығымен өзара байланысты топырақтың табиғи қасиетінің диагностикалық белгілері жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» Жарлығына байланысты жерді қорғау оны қоршаған табиғи ортаның бөлігі ретінде қорғау, ұтымды пайдалану, ауыл 22 шаруашылығы мен орман шаруашылығының айналымынан негізсіз алынуын болдырмау, сондай-ақ топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған кұқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа шаралар жүйесін қамтиды. Республикамызда жер ресурстарын дамылсыз, үзбей пайдаланудың нэтижесінде топырақ эрозиясы өсіп отыр. Бұған тойтарыс беру үшін төмендегі шараларды жүзеге асырған жөн:

• топырақ эрозиясына қарсы табиғат корғау ағаштарын
отырғызу; гидротехникалық құрылыстар салу; ауыл
шаруашылық дақылдарын алма - кезек егуге көбірек көңіл бөлу;

• топырақты қорғайтын көп жылдық шөптер егу;

• жер жыртқанда, атмосфералық және миграциялық
жүйелерден келетін сулардың ағып кетпеуін қамтамасыз ету;

• сайлар мен құмды жерлердің топырағын нығайту
мақсатында бұларға тамыры тереңге кететін, жер эрозиясына
шыдамды ағаштарды және дақылдарды отырғызу;

• құмды, тасты жерлерде, тау бөктерлерінде мал жаюды
реттеу. Жерді ауыл шаруашылығы химиясы қалдықтарынан сақтау және металлургия, мұнай, химия өнеркәсіптерінің зиянды әсерінен құтқару - басты міндеттердің бірі. Бұл зиянды қалдықтардың бәрі жердің сыртқы бетіне өзінің дағын салып қана қоймай, онда өсетін өсімдіктер мен дақылдардың тіршілігіне қауіп туғызады Мемлекеттік жер кадастры - Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлемі мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерінін бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де кажетті мэліметтердің жүйесі болып табылады.