Жер ресурстары

 

Экономикалық бағалаудың ақшалай шамасы өнімге жұмсалатын шеткі және дербес шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Шеткі шығын белгілі бір уақытта нақты өнімге жұмсалатын халық шаруашылығына қажетті ең жоғары шығын болып табылады. Еліміздің ұлттық байлығы – жер

қойнауындағы минералдық шикізаттар ресурстарына қарай, оларды шығаруға жұмсалатын шығынға қарай бағаланады.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын және айналадағы табиғи ортаны қорғауға койылатын негізгі талаптар:

• кен орнын игерудің арнаулы тәсілдерін қолдану
есебінен жердін үстіндегі қабатын сақтау;

• жердің техногендік шөлейттенуін болдырмау;

• жер қойнауын пайдалану операциялары басталмай
тұрып, табиғатты қорғау органдарымен келісілген автомобиль
жолдарын салудың тиімді сызбасын жасау, соңдай-ақ
ұңғыларды бұрғылауда тармақты әдісті қолдану, ішкі үйінділер
жасау технологиясын пайдалану арқылы бұзылатын және
бүлінетін жерлердің аумағын азайту;

• топырақтың, аршу жұмысы үйінділерінің жел
эрозиясына ұшырауын және өндіріс қалдықтарыңың
тотықтануын және зиянды әсерінің ауаға таралуын болдырмау;

• сіңірме және тұщы су қабаттарын ластанудан сақтау
үшін оқшаулау;

• жер асты суларын сарқылудан және ластанудан сақтау;

• жуғыш сұйықтарды дайындағанда реагенттерді
пайдалану;

• бұрғылау ертінділерін тазалау мен қайталап пайдалану;

• айналадағы табиғи ортада бұрғылау мен жанар-
жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауіпсіз
тәсілмен жою;

• мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау
жүйесінде мұнай өндірісінің сарқынды суларын тазалау және
қайыра қолдану.

Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі- жер қойнауының мемлеқеттік қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, олардың өзгеруін уақтылы анықтау және бағалау, келеңсіз процестердің зардаптарының алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін бақылаудың қалыптасқан жүйесі болып табылады.