Ылыми ‑ техникалық глобалдық экологиялық проблемалар [:].

4.1 Экологиялық дағдарыс. «Парниковый эффект», жаңбыр қышқылы және озон қабаттің әлсіреу себептері.

4.2 Ядролық апат қауіптілігі.

4.3 Жаңбыр қышқылы және озон қабаттары

4.4Табиғи экожүейлерді және биологиялық алуан түрлілікті қорғау.

Әдиебеттер: 5.6.7

 

Атмосфераның ғаламдык ластануының аса маңызды экологиялық зардаптарына мыналар жатады:

1) климаттың жылынуы (парниктердің әсері);

2)озон кабатының бұзылуы;

3)тұзды (кышқыл) жаңбырлардың жаууы.

Әлем оқымыстыларының басым көпшілігі оларды қазіргі заманның аса ірі экологиялык проблемалары ретінде қарайды.

Климаттын алдагы уақытта болуы мүмкін жылынуы (парниктер әсері).

Қазіргі уақытта байқалып отырған климаттағы өзгерістер өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап жылдық орта температураның бірте-бірте көтерілуінен байкалуда, оқымыстылардың басым көпшілігі мұны "парниктік газдар" деп аталатын - көміртек диоксидтерінің (СО2), метанның (СН2), хлорфтор көміртектердің (фреондардың), озонның (О3), азот оксидтерінің және т.б. атмосферада шамадан тыс жинакталуымен түсіндіріледі.

Парниктік газдар, бірінші кезекте СО2 жердің үстіңгі кабатындағы ұзын толқынды жылу сәулелерінің түсуіне тосқауыл жасайды. Г. Хейфлинг бойынша, парниктік газдармен толған атмосфера жылы жай (теплица) төбесі сияқты әрекет етеді. Ол біріншіден ішке қарай күн сәулелерінің үлкен бөлігін өткізеді, екіншіден жер арқылы қайта сәуле шығаратын сыртқы жылуды өткізбейді деуге болады.

Адамдардың жер астынан алынатын отын: мұнайды, газды, көмірді және т.б. (жыл сайын шартты түрде 9 млрд тоннадан артык отын) барған сайын көп жағуымен байланысты атмосферада СО2 концентрациясы тұрақты түрде көбеюде. Өнеркәсіп өндірісі және тұрмыстық қалдықтарды атмосфераға тастау есебінен фреондардың қүрамы (хлорфторкөміртектер) өсуде. Метан құрамы жыл сайын 1-1,5%-ға көбеюде (жер асты қазба жұмыстарының тастамалары, боиомассаларды жағу және т.б). Азот оксидінің атмосферадағы құрамы басқаларға қарағанда аз мөлшерде тарауда (жыл сайын 0.3%-ға).

Жердің үстіңгі бетіндегі ауаның орташа ғаламдық температурасының өсуі "парниктік күшті әсер" туғызатын осы газдар концентрацияларының көбею салдарлары болып саналады. Климаттық өзгеру проблемалары бойынша халықаралық топтың БҰҰ аясында әзірленген баяндамасында 2100жылы жер бетіндегі температура 2-4 C көтерілетіні айтылады. Сонын әсерінен экологиялық зардаптары апатты жағдайға әкелу мүмкін. Парниктік әсері салдарынан жер бетіндегі температуранын күрт жылынуына байланысты. Полярлық мұздықтардың еруі, тау мұздықтары аудандарының әлемдік мұхиттардың деңгейлерінің көтерілуне тікелей байланысты жәит. Оқымыстылардын болжауна қарағанда 21 ғасырдын сонына мұхиттар деңгейі көтеріліп климат тепе тепендігінің бұзылуына байланысты 30-дан аса елдердін су астында қалатының айтады.

Озон қабаты (озон сферасы) бүкіл жер шарын қамтийды және 10-нан 50 шақырымға дейінгі биіктікті алып жатыр, сондай-ак оның 20-25 шақырым биіктігіндегі озон концентрациялары өте қою.

Атмосфераның озонмен қанығушылығы, полярлық аймақтарда көктем айларында өзінің жоғары деңгейіне жете отырып, жершарының кез келген бөлігінде тұрақты өзгеріп отырады.

1985 жылы Антрактиданың үстінде озон құрамының азайғандығы анықталып (50%-ға дейін), "озон тесігі" деген атау алған кезде, озон қабатының жұкаруы алғаш рет жұртшылықтың назарын өзіне аударды. Содан бергі өлшеу нәтижелері бүкіл жер шарында іс жүзінде озон қабатының жұкара түсуін бекітеді. Қазіргі уақытта озон қабатының жұқаруын ғаламдық экологиялық қауіпсіздікке төңген ауыр қатер ретінде бүкіл адамзат мойындап отыр. Озон концентрациясының азаюы атмосфераның жердегі бүкіл тіршілікті қатал ультракүлгін сәулеленуден (УК-радиация) қорғау қабілетін әлсіретеді. Тірі организмдер ультракүлгін сәулеленуге өте әлсіз немесе органикалық молекулалардың басым көпшілігіндегі химиялық байланыстарды бұзу үшін осы сәулелердің энергиялары жеткілікті болып саналады. Сондай-ак, өсімдіктер күшті ультракүлгін сәулелердің әсерімен бірте-бірте өзінің қабілетін жоғалтады, планктонның өмірлік қабілетінің бүзылуы су экожүйелеріндегі трофикалық тізбектердің ажырауына әкеледі.

Озон қабатын бүзушы негізгі процестердің қандай екендігі әлі аяғына дейін айқындалып біткен жоқ "Озон тесіктерінің" табиғи, сол сияқты антропогендік пайда болу негіздері жорамалдануда. Оқымыстылардың пікірі бойынша, бұл хлорфторкөміртектері (фреондар) құрамының жоғарылығымен байланысты болуы ықтимал. Табиғи ортаның тұз басуымен (тотығуымен) байланыстырылатын аса маңызды экологиялық проблемалардың бірі - түзды (қышқыл) жаңбырлар. Олар, атмосфералық ылғалмен қосыла отырып күкірт жәэне азот қышқылдарын түзетін атмосфераға күкірт диоксидтері мен азот оксидтері өнеркәсіп тастамаларын шығару кезінде пайда болады. Атмосфералық ылғалдыңтотығуына себептері ауанын екі негізгі ластаушылары SО3 және N02-нің әлемдік антропогендік тастамаларының жиынтығы жыл сайын - 255млн. тоннадан асады. Қауіпті, тұзды (қышқыл) жауын шашынның өзі емес оның әсерімен болатын процестер болып отыр. Түзды (қышқыл) шөгінділердің әсерімен топырақтан тек өсімдіктерге қажетті жұғымды заттар ғана емес, сонымен қатар улы ауыр және жеңіл металдар - корғасын, кадмий, алюминий және т.б сілтіден айырылады. Соның салдарынан олардың өздері немесе пайда болған ұлы косылыстар өсімдіктерге немесе өзге топырақтағы организмдерге сіңеді, бұл өз кезегінде келеңсіз зардаптарға әкеледі. Көлдердің түздануы (қышқылдануы) тұзды жаңбырлардың табиғи экожүйелерге жағымсыз әсер етуінің мысалы болып саналады. Әсіресе ол Канадада, Швецияда, Норвегияда және Финляндияның оңтүстігінде интенсивті түрде жүруде.

Көлдердің тұздануы (ашуы) балықтардың алуан түрлерінін көбеюіне ғана қауіпті емес, сонымен қатар планктондардын, балдырлардың сандаған түрлерінін және өзге мекендеушілердің жиі түрде жойылуына алып келеді. Көл шын мәнісінде өмірсіз өлі дүниеге айналады.

Жер бетінде Хиросимада, Чернобыльда, Семейде, Невадада және т.б. ядролық сынақтардың және оның апаттарының салдарынаң тіршілік иелері сол жердегі адамдар ғана емес бұкіл табиғат, өсімдіктер мен жан-жануарлар да осы күнге дейін уланып әлі де неше ғасыр уланып зардап шегетінің ешкім басып айталмайды.

Қауіпті қалдықтар ғасыр проблемасына айналды және онымен күресуде бүкіл әлемде аса зор күш жүмылдырылуда. Бүл ең алдымен радиоактивті қалдықтар (РАҚ) - радиоактивті изотоп концетрацияларынан тұратын, бекітілген нормалардан артып кететін ядролық энергетиканың, әскери өндірістің, өнеркәсіптің өзге салалары мен денсаулық сактау жүйелерінің қатты, сүйық немесе газ түріндегі өнімдері.

Радиоактивті элементтер, мысалы, стронций-90, тамақ (трофикалық) тізбегімен жылжып қозғала отырып, жасушалар (клеткалар)мен бүкіл организмнің жойылуына дейін өмірлік функциялардың бүзылуын туғызады. Радионуклейндердің кейбірі 10-100 мың жыл бойы тірі организмді жойып жібере алатындай улылығын сақтай алады.

Көмілмеген радиоактивті қалдықтардың аса ірі көлемі бүкіл әлемге таралған. Радиоактивті қалдықтар проблемасы алдағы уақытта бұрынғыдан да неғүрлым өткір және өзекті бола түседі.

Аурулар тугызатын заттар мен факторлар.

Ағзаларға қолайсыз эсер ететін жэне ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:

1) канцерогендер (латын тілінен аударғанда сапсіг - рак, генезис - шығу тегі) - қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі.Олардың ішінде ең күштілеріне бензо(а)цирен жэне басқа да пол.щиклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сэулелер, радиоактивті изотоптар, эпоксидті смолалар, нитриттер, нитрозаминдер, асбест жэне т.б. жатады;

мерзімі 50 жыл) ол қоректік тізбектерде элі де интенсивті түрде айналымда болып келеді.

Диоксиндер - қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі.Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді эсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне эсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі (шамамен 200 кг) қоршаған ортаға американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды.Нәтижеде тек вьетнамдықтар ғана зардап шеккен жоқ, шамамен 20 мың американдықтарды да қамтыды.

Фенолмен - улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның түқым қуалау қасиетіне де эсері анықталған.Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді эсер етеді.

Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30-100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады.

Формальдегид - химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Формальдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін.Сонымен қатар оның канцерогендігі туралы да мәліметтер бар. Адам мен басқа да тірі ағзалар бүл затпен үнемі әсерлесуде болады (пластик, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.)-Дүние жүзінде ондаған милиион тоннасы өндіріледі.Қазір бүл затты түрмыстық мақсатта қолдануды шектеуге бағытталған шаралар жүргізілуде.

Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет жэне микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір жэне т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр метелдар акуыздармен жеңіл байланысын, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі - отынды жағу, цестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.Белгілі мәліметтер бойынша (Ворнский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің - 84-89%-ы, мыстың- 56-87%-ы, никельдің- 66-75%-ы, сынаптың - 60%-ы шығарылады [kgl].