Табиғи ресурстар және олардың маңызы. Табиғи ресурстардың жіктелуі.

 

Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста өзгеруде, дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние. Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық – энеогетикалық, информациялық және әртүрлі табиғи құбылыстардың жиынтығы.

Адам шаруашылық қарекетінде табиғатпен байланысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді.

Адам күрделі “табиғат-қоғам” жүйесінің бір бөлігіне жатады. Қоғамның материалдық, мәдени, тағы басқа да мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар депаталады. Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т.б. жатады.

Табиғи ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды), пайда болуына (табиғи, антропогенді), химиялық табиғатына (органикалық, минералдық), көздері мен орналасуына (жер, су, кен, өсімдіктер, орман), қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылыми, эстетикалық, рекреациялық), пайдалану өрісіне (энергетикалық, шикізат, тамақ) байланысты. Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларын утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатынжәне сарқылмайтынболып бөлінеді.

Сарқылмайтынға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар, соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы, космостық шаң, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа, жауын-шашын, жел, сонымен қатар жер қойындағы жылу.

Сарқылатын табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Қалпына акелмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті металдар) рудалары, бейметалды қосылыстар (өнеокәсіптің металлургиялық, химиялық және басқасалалрына арналған шикізаттар), жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор, құм, гранит және т.б.), энергия сақтағыш көздері (мұнай, газ, көмір, жаңғыш сланец, жертезек) жатады.