Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.

 

Су – тірі материяның негізі. Қазіргі кезде сулы ортада тіршілік ететін жанурлар түрінің саны 150000- ға жуық. Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытта жеңіл су мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады.

Қазақстанның су қорғау кодексі бойынша су обьектілерін экологиялық талаптарға сәйкестендіріп ұстау үшін, жер бетіндегі суларды ластанудан, былғанудан және азаюдан сақтап қалу мақсатында, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасын сақтау үшін су қорғау белдемі белгіленеді.

Су қорғау белдемі деп арнайы пайдалану мен табиғи ресурстарды қорғау және басқа да шаруашылық іс-әрекеттерді жүргізу тәртібі белгіленген акваторияға жанасқан жерді жатқызады.

Көл, өзен, бұлақтардың айналасында белгіленген қорғаныс алқабында тыйым салынады:

· Жерді жыртуға

· Авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге

· Пестицидтерді, дефолианттарды, басқа да улы химиялық заттектерді қолдануға

· Тыңайтқыш ретінде мал шаруашылығы тұрақты және жазғы фермаларын құруға

· Орманды кесу мен ағаштарды тамырымен жоюға

· Улы химиялық заттектердің, минералды тыңайтқыштардың, жанар май, әртүрлі өндірістердің қалдықтарын сақтайтын қоймаларды орналастыруға.