Оршаған ортаны қорғау ілімі.

 

Табиғат қорғау тұжырымдамасын қалыптастыру тарихында бірнеше кезеңді: табиғаттың түрлерін және қорықтарын қорғау – табиғатты ресурстық қорғау – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – адам мекендейтін ортаны қорғау – қоршаған табиғи ортаны қорғау кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Соған сәйкес табиғат қорғау түсінігінің өзі кеңейіп, тереңдей түсті.

Табиғат байлықтарын интенсивті пайдалану табиғат қорғау қызметінің жаңа түрі – табиғат ресурстарды аймақтық пайдаланудың қажеттілігіне алып келді, бұл ретте қорғау талаптарына табиғи ресурстарды пайдалану бойынша шаруашылық қызметі процесінің өзі кіреді.