Тұрақты даму тұжырымдамасы туралы түсінік

 

Қоршаған табиғи ортаны қорғау – қазіргі жағдайда пайда болған адам мен табиғаттың өзара қатынасының жаңа формасы, ол қоғам мен табиғаттың үйлесімді өзара әрекетіне, болашақ ұрпақ үшін өмір сүретін табиғи ресурстар мен әрекет ететін экологиялық қауымдастықтарды көбейту мен сақтауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесін білдіреді.

Кейінгі жылдары «табиғи қоршаған ортаны қорғау» термині жиі пайдаланатын болды. Қоршаған табиғи ортаны қорғау – қолданбалы экология бөлімдерінің бірі – табиғат пайдаланумен тығыз байланысты.

Табиғат пайдалану – табиғи ресурстардың алуан түрлері мен табиғи жағдайларын пайдалану жолымен, қоғамның материалдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық-өндірістік қызмет.