Табиғи ресурстар мен ластағыштардың экологиялық есебі немесе жолдары

 

Қоршаған ортаны қорғау проблемалары өз дамуының қазіргі кезеңінде жаңа түсінік – экологиялық қауіпсіздікті туғызды, адамның өмірлік маңызды экологиялық мүдделерінің, ең алдымен, ол оның қоршаған қолайлы табиғи ортаға құқығының қорғалушылық жай-күйі ретінде түсіндіріледі.

Аса маңызды принциптері экологиялық жүйенің тұрақтылығын ұстап тұруға бағытталған теориялық экология табиғат пайдалануды оңтайлы ұйымдастыру мен халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бүкіл шаралардың ғылыми негізі болып қызмет етеді.

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері болып мыналар саналады:

- адам өмірі мен денсаулығын қорғау басымдықтары;

- экологиялық және экологиялық мүдделерінің ғылыми-негізделген үйлесімі;

- табиғи ресурстарды оңтайлы ойластыра отырып және түгелсілмейтін түрде пайдалану;

- табиғат пайдаланудың ақылылығы;

- табиғат заңдылықтары талаптарының сақталуы, оны бұзғаны үшін бұлтартпай жауапкершілік көрсету;

- экологиялық ұйымдар жұмысындағы жариялылық және табиғат қорғау міндеттерін шешудегі олардың қоғамдық бірлестіктерімен және тұрғын халықпен тығыз байланысы;

- қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Аса маңызды табиғат қорғау принципі экологиялық мүдделерінің ғылыми-негізделген үйлесімі – Рио-де-Жанейрода (1992ж) өткен БҰҰ халықаралық конференциясының рухына жауап береді, онда экономикалық өсумен бірге қоршаған табиғи ортаны сақтаудың экологиялық және экономикалық үйлесімін құрайтын қоғамды тұрақты дамыту үлгісіне бағыт ұсталған болатын [kgl].

 

[gl]Тақырып 12. Мониторинг және қоршаған ортаның