Мониторинг, анықтамасы және міндеті.

 

Экологиялық мониторинг – табиғи құбылыстардың және антрпогендік іс - әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген темин «монитор» - сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ – ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 ж, маусым) «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.

Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уақыт ішінде өзгерте алады. Осы процесстердің өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалық, ионосфералық және басқалар) жүйелер жүргізіледі.

Биосфераның абиотикалық құрамының антропогендік өзгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің арқасында кезектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға экологиялық мониторингтің информациялық жүйесі жаслады.

Антропогенді әсерлердің экологиялық мниторингінің негізгі міндеттері:

- Антропогендік әсерін тигізетін факторларды бақылау;

- Антропогендік әсер факторларын бақылау;

- Антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау;

- Табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;

- Антропогендік факторлар әсерінентабиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау;

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау.

Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын – шашын, құрғақ жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттық жүйені құрушылар) жатады.