Мониторингтің барлық түрлерін ұйымдастырудың негізгі жолдары мен принциптері.

Мониторгинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты топтастырылады.

Әсер факторларының мониторингі - әртүрлі химиялық ластағыштардың (ингридиенттік мониторинг), түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радияциясы, шу, діріл) мониторингі.

Ластағыш көздердің мониторингі – нүктелі стационарлы көздер (зауыттардың мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (қалалар, химиялық заттектер өндірілетін егістік жерлер) жатады.

Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша мониторингтерге бөлінеді.

§ Мәліметтердіортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін құрайды:

§ Ғаламдық (биосфералық)– халықаралық ынтымақтастық негізінде жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процесстерді зерттеу арқылы назарға ұстап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру;

§ Базалық (фондық)– жалпыбиосфералық, табиғи құбылыстарды бақылау;

§ Ұлттық – бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетін мониторинг;

§ Аймақтық – халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі – ірі аудандардың көлемінде ұбылыстар мен процесстерді зерттеу арқылы бақылау;

§ Жергілікті (локалды)– елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу;

§ Импактылық – ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.

Мониторинг жүйесін қолданылатын тәсілдерге (физикалық, химифялық және биологиялық көрсеткіштердің мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.

Химиялық мониторинг - атмосфераның, атмосфералық жауын – шашынның, құрғақ жердің беткі суларыжәне жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпті тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамдарын бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторингтің негізі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану деңгейін анықтау.

Физикалық мониторинг – қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т.с.с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

Биологиялық мониторинг – биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс – тұрысына қарап пішіп – кеседі).

Экобиохимиялық мониторинг – қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.

Дистанциялық (аралық) мониторинг – зерттейтін объектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялық, космостық мониторинг.

Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі – бұл қоршаған табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулағына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың туу туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті, аймақты және фондық болып бөлінеді.

Мониторинг зеттеулерінің негізгі қоршаған орта сапасына баға беру жатады. Қоршаған орта сапасы – адам организімінің физиологиялық қажеттілігіне табиғи жағдайдың сәйкестілігі.

Кадастр – (франц. Саdastre) - табиғи ресурстар немесе құбылыстарды, бірқатар жағдайларда олардың әлеуметтік – экономикалық бағалануымен белгілі бір түрдегі сандық және сапалық тұрғыдан сипаттайтын мәліметтердің бір жүйеленген жиыны. Кадастрларды табиғи ресурстардың кешенді есебі үшін, оларды оңтайлы пайдалану үшін, ресурстар және т.б. үшін төлемдерді дифференциялау үшін арнайы уәкілетті орган жасайды.

Жер қойнауының жер, су, орман кадастры, кадастрлардың жануарлар әлемі, медициналық – биологиялық, өнеркәсіп және т.б. түрлері ажыратылады.

Жер кадастры өзіне жер пайдаланушыларды тіркеу (меншік иелері, пайдланушылар, жалгерлер), жердің сапасы мен санының есебі, бонитировка (жердің сапасын бағалау) деректерін енгізеді.

Су кадастры – бұл су объектілері туралы, су ресурстары, суды пайдалану тәртібі, сапасы және су пайдаланушылар туралы жүйеленген деректердің жиыны. Ол үш бөлімнен тұрады:

1. жер беті сулары;

2. жер асты сулары;

3. суларды пайдалану;

Орман кадастры – ормандар, олар өсетін далалар, сапалық құрамы, ағштардың қорлары, оның жыл сайынғы өсуі және т.б. туралы мәлімет жиыны. Кадастр көмегімен ормандардың экологиялық – экономикалық маңызы бағаланады, орман ресурстарын қорғау мәселелері, өзге тәжірибелік мәселелер шешіледі. Кадастр өзге табиғи ресурстардың ұқсас немесе жақын функцияларын орындайды [kgl].