Экологиялық құқық көздері

 

Экологиялық құқық – бұл қоғам мен табиғаттың өзара әрекет ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы. Экологиялық құқық қоршаған табиғи ортаны сақтау және оңтайлы пайдалану мүдделері тұрғысында мемлекет пайдаланатын аса маңызды құрал болып саналады. Қазіргі кезеңде экологиялық проблемалардың күрт асқынуымен байланысты экологиялық құқықтың және тұтастай түрде әкімшілік-құқықтық бағыттардың маңызды тұрақты түрде өсе түсуде. Келесідей құқықтық құжаттар экологиялық құқық көздері болып саналады:

1. Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың конституциялық негіздері 1995 жылы қабылданған ҚР-ның Коституциясында бекітілген. Конституция азаматтардың жерге және өзге табиғи ресурстарға құқығын жария етеді, әрбір адамның қолайлы табиғи ортаға және оның денсаулығына келтірілген залалды өтеу құқығын бекітеді. Ол сондай-ақ табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану және қорғау бойынша жоғары және жергілікті билік органдарының ұйымдық және бақылау функцияларын айқындайды, табиғатқа, оның байлықтарын қорғауға қатынасы бойынша азаматтардың міндеттерін белгілейді.

2. Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы Заңдар мен Кодекстер табиғи ресурстардың құқықтық негізін құрайды. Жер, жер қойнаулары, атмосфералық ауаны қорғау, жануарлар әлемін қорғау және пайдалану туралы және т.б. Заңдар солардың құрамына кіреді.

3. Президент Жарлықтары мен өкілдері экологиялық мәселелердің кең ауқымын қозғайды.

4. Табиғат қорғау министрліктері мен ведомстваларының нормативтік актілері қоршаған табиғи ортаны қорғау мен тиімді пайдаланудың алуантүрлі мәселелері бойынша, қаулылар, нұсқаулар, бұйрықтар және т.б. түрінде шығарылады. Олар өзге министрліктер мен ведомствалар, жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып саналады.

5. Жергілікті әкімшілік органдарының нормативтік шешімдері қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді толықтырады және нақтылайды.