Оршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік органдары

Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық жалпыға бірдей танылған принциптер мен нормалар оның негізін құрайтын халықаралық экологиялық құқықпен реттеледі. Адамды қоршаған орта проблемалары жөніндегі БҰҰ Стокгольм конференциясы (1972ж), БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдаған Бүкіләлемдік табиғат хартиясы (БТХ, 1982ж) және қоршаған орта мен даму жөніндегі БҰҰ Халықаралық конференциясы (Рио-де-Жанейро, 1992ж) осы принциптердің қалыптасуына аса маңызды үлес қосты. Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі экологиялық принциптерінің даму тарихына сәйкес әдетте оның үш кезеңі бөліп көрсетіледі:

1. Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ-ның Стокгольм конференциясы (1972ж) – мемлекеттер мен халықаралық қауымдастықтардың экологиялық саясатындағы аса маңызды кезеңнің басталғандығымен аталып өтті. Конференция қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, бұл маңызды құжатта қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлемдік қауымдастықтың іс-қимыл мақсаттары мен бағыттары айқындалды.

Стокгольм конференциясы 5 маусымды қоршаған ортаны қорғаудың Бүкіл әлемдік күні деп жариялады. Конференцияда қоршаған орта жөніндегі БҰҰ-ның тұрақты іс-қимыл жасайтын органы (ЮНЕП) құрылды. ЮНЕП бағдарламасы үш функционалдық бағыттар шегінде: 1) қоршаған ортаны бағалау – бақылаудың ғаламдық жүйесі; 2) қоршаған ортаны басқару; 3) қосымша шаралар бойынша табиғат – қорғау іс-қимылдарын ұйымдастыру мен жоспарлауды қарайды.

2. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1982 жылғы 28 қазанда Бүкіләлемдік табиғат хартисын (БТХ) қабылдаған болатын. Стокгольм декларациясы сияқты БТХ сол кезеңдегі халықаралық қауымдастықтың экологиялық қызметінің басым бағыттарын айқындады, бұл маңызды шекте мемлекеттердің экологиялық саясатының алдағы уақытта қалай қалыптасатындығына бағыт сілтеген аса маңызды құжат болды. Көптеген ғалымдар мен мамандардың пікірі бойынша БТХ Стокгольм конференциясымен (1972ж) салыстырғанда «қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық заң принциптерін басты етіп жоғары көтеру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» жолы бойынша елеулі түрде алға жылжушылықты көрсетті. Хартияға сәйкес, табиғи ресурстарды шамадан тыс және оңтайлы ойластырылмаған жағдайда пайдалану нәтижесінде табиғи жүйенің саплық өзгеріске түсуі, сондай-ақ елдер мен халықтар арасында берік экологиялық-экономикалық тәртіп орнатуға қабілетсіздік өркениеттің негізін жоғалтып алуға әкеліп соғады.

Қоршаған орта және даму жөніндегі БҰҰ конференциясы (Рио-де-Жанейро, 3-14 маусым 1992ж) Рио-де-Жанейрода 114 мемлекеттің басшылары мен 1600 үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бас қосты. Конференцияда бес негізгі құжат мақұлданды, олар: Қоршаған орта мен даму туралы РИО Декларациясы; ХХІ ғасыр – күн тәртібі; Ормандардың барлық түрлерін басқару, сақтау және тұрақты дамыту принциптері туралы Мәлімдеме; Климатты өзгерту проблемасы бойынша шеңберлік конвенция; Биологиялық алуан түрлілік бойынша Конвенция.