Экологиялық заң бұзушылық үшін жауапкершілік

Құрамында адам денсаулығына өте зиянды әсер ететін, сондай – ақ қоршаған ортаға қауіп туғызатын улылық қасиеті бар заттектерден тұратын қалдықтарды улы қалдықтар дейді. Ал қолданғанда немесе қатысу арқылы организмнің өмір тіршілігін бұзатын заттектердің қасиеті улылық немесе уыттылық дейді.

Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микрорганизмдерді және жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп атайды.

Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық – химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: физикалық күйіне байланысты – ерімейтін, коллоидты, еритін, табиғатына қарай – минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық.

Суды негізінде ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары және басқа да өндіріс қалдықтары, құрамына әртүрлі агрохимикаттары бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығының ағындылары, су қоймаларына жауын – шашын арқылы әкелетін аэрогенді ластағыштар жатады.

Әр түрлі мақсатта қолданылған судың 80 – 85% - тейі ластанған ақаба су түріне табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420 км3 қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7000 км3 таза суды ластандыра алады. Улы заттектерге мұнай және мұнай өнімдерін жатқызуға болады. Сулы ортада олардың концентрациясы 1 мг/м3 – ке жеткеннен бастап улылық қасиетін көрсетеді. Мұнай мөлшерінің шамасы 200 – 300 мг/м3 жеткенде экологиялық тепе – теңдік бұзылып, балықтың және судағы басқа да ағзалар түрінің реттегіш механизмі өз мүмкіндігінің ең төменгі шегіне жетеді де, одан әрі қарай олар ортаның кез келген қолайсыз факторларына төзімсіз бола бастайды, яғни экологиялық тұрақтылық жойылады. 1 тонна мұнай суға төгілсе, аумағы 2,6 км2 шамасында судың беткі көлеміне тұтас үлпек түзеді.

Жылына гидросфераны ластайтын антропогендік ластиағыштардың жалпы массасы 15 млрд тоннаға жетіп отыр. Су объектілерінің ішінде ең көп ластанатын көзге өзендерді жатқызуға болады, себебі орта есеппен олардағы ластағыштардың концентрациясы 400 мг / л жетіп отыр.