Кәсіпорындардың қоршаған ортаға тигізген залалдары

 

Қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты көмір өнеркісібі күрделі өнеркәсіп салаларының бірі болып саналады. Көмірді негізгі пайдаланушылар: электроэенргетика - 39%, өнеркәсіп пен үй – жай секторы - 35%, коксхимия өнеркәсібі - 14 %, ауылшаруашылығы - 5%. Қазақстанда көмір өнеркәсібі 19 ғасырдың ортасынан бастап пайда болды.

Көмір өндіру процесінде қоршаған орта шаң мен газбен ластанып отырады. Осы саланың зиянды әсері келесі 1 – кестеде көрсетілген. Көмірді жабық әдіспен алғанда атмосфераны ластайтын негізгі компоненттер шаң мен газ түріндегі улы заттар. Мысалы, 2 млрд. тонна көмір өндіргенде ауаға 27 млрд.м3 көмір қышқыл газы бөлінеді. Жыл сайын шахталардан атмосфераға миллиондаған тонна шаң тасталады. Ал террикондарда қалған көмір қалдығы (5 - 20%), пирит (10%), күкірт (5% - н жоғары) тотығып, жанғанда әр текше метрден ауаға 180 мг шамасында көміртек пен күкірт оксидтері бөлінеді.

 

1 – кесте. Қатты отынды жер қойнауынан алғанда, оны дайындағанда, тасымалдағанда және жаққанда биосфераға зиянды әсерін тигізетін факторлар.

 

Әсердің түрі Тигізетін зардаптары Қорғау тәсілдері
Атқылау жұмыстары Газ – шаң – ауа қосынды – сының атқылауы мүмкін. Атқылау жұмысын жүргізу үшін қорған жасау.
Тау – кен шығарылған жерден бөлінген заттар, тау жыныстары үйінділерінен, ашық карьерлерден, автокөлік жолдарынан шығатын шаң мен газдар Ауаның шаң, метан, көміртек доиоксиді, улы заттармен ластануы. Минералды тұздардың суаттарға түсуі. Шаң ұстайтын қондырғыларды және шаң басатын әдістерді қолданып шаңды басу
Террикондардың пайда болуы Ландшафтың бұзылуы, құнарлы жерлердің шаруашылық айналамынан шеттелуі, фауна түр құрамының азаюы, көмір қалдықтарың жанып, түтндеп ауаны ластауы. Жерді рекультиватияциялау Террикондарды автокөлік жолдарын салуға пайдалану
Сақтаған кезде көмірдің тотығуы мен өз бетімен жануы Түтін мен улы заттардың бөлінуі, отын сапасының төмендеуі Көмірді ауадан изоляциялау, көмір сапасын анықтайтын тексеру жүйесін орнату.
Көмірді тасымалдау Отын шығыны және атмосфераның ластануы Жабық вагондарды, құбырларды пайдалану
Қатты отынды дайындау және жағу Көмір ұнтағының қопарылыу қауіптілігі. Конструкция мен жабдықтарды бекіту, қопарылысты болдырмау мақсатында ингибиторларды пайдалану

 

Қауіпті қалдықтар деп құрамында зиянды заттектерді бар, қауіпті қасиеттері тән немесе жұқпалы аурулардың қоздырғаштары бар, сонымен қатар өздігінен немесе басқа заттектермен қосылғанда адамның денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтарды айтады.

Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіпті қалдықтарға шамамен 600 – дей заттар мен қосылыстар жатады. Олардың құрамына кіретіндер:

· Пестицидтер және олардың құрамына кіретін химия өндірістерінің қалдықтары;

· Радиоактивті қалдықтар

· Сынап және оның қосылыстары, сынапты термометрлер

· Мышьяк және оның қосылыстары, құрамында мышьягі бар метталлургиялық өндіріс пен жылу электр станцияларының қалдықтары;

· Қорғасынның қосылыстары, көбіне олар мұнай өңдейтін және бояу ндіретін кәсіпорындардың қалдықтарында болады.

· Пайдаланылмаған медикаменттер, улы химикаттар, бояулар, лактар, коррозияға қарсы қолданылатын заттар, синтетикалық желімдер, косметикалық заттар;

· Тұрмыстық химия құралдарының қалдықтары;

 

Атмосфераны ластайтын әр өндірістен шығатын негізгі тастанды компоненттер 2 – кестеде көрсетілген [kgl].