Принциптер және әсер ету деңгейі.

 

Экологиялық факторлар – бұл организге өзіндік белгілермен әсер ететін ортаның белгігі бір жағдайы мен элементтері. Олар абиотикалыққа, биотикалыққа және антропогендіге бөлінеді.

Жануарлар мен өсімдіктер өміріне және олардың аралуына әсер ететін анорганикалық ортаның бүкіл жиынтығын биотикалық фактор деп атайды. Олар физикалық, химиялық және эдафикалық факторларға бөлінеді.

Физикалық фактор – бұл физикалық жай-күйі немесе құбылыстар соның көздері болып қызмет ететін факторлар, мысалы, егер температура жоғары болатын болса – күюі мүмкін, ал температура төмен болатын болса – мұздап, қатып қалу болады. Температураға өзге де факторлар: суда – ағыс, құрғақта – жел және ылғал т.б әсер етуі мүмкін.

Химиялық факторлар – бұл ортаның химиялық құрамынан болатын факторлар. Мысалы, егер судағы тұздың құрамы шамадан тыс жоғары болса, су айдынында да тіршілік болуы (Өлі теңіз) екі талай, сонымен бірге тұщы суда теңіз организмдерінің басым көпшілігі өмір сүре алмайды. Жануарлардың құрғақта және судағы өмірі оттегі құрамының жеткіліктілігіне қатысты болады.

Эдафикалық факторлар, яғни торырақ факторлары – бұл олар үшін мекендейтін ортасы болып саналатын, сонда өмір сүретін организмдерге, сол сияқты өсімдіктердің тамыр жүйесіне әсер ететін топырақ пен тау жыныстарының химиялық, физикалық және механикалық қасиеттерінің жиынтығы. Химиялық құрамдас бөліктердің (биогендік элементтер), температураның, ылғалдылықтың, топырақ құрылымының, гумус құрамының және т.б өсімдіктердің дамуы мен өсуіне тигізетін әсері бізге жақсы белгілі. Дегенмен, организмдерге абиотикалық факторлар ғана әсер етпейді. Организмдер, сол жерде тамақ ресурстары үшін, белгілі бір жайылымдарға немесе аңшылық жасайтын аумақтар үшін күресуге, яғни өзара бір-бірімен бәсекелестік күреске түсетін қауымдастықтар құрады. Бұл ретте, түр ішінде, сол сияқты әсіресе түр аралық деңгейлерде жыртқыштық, зиянкестік және өзге де күрделі өзара қатынастар көрініс береді. Бұл енді тірі табиғат факторы немесе биотикалық факторлар.

Биотикалық факторлар – бір организмдердің өмірлік қызметінің өзге организмдердің өмірлік қызметіне, сондай-ақ мекендейтін төменгі ортаға әсер етуінің жиынтығы. Мысалы, орманды өсімдік қабатының әсерімен айрықша микроклимат пайда болады, бұл жерде аспан астында ашық мекендейтін орынмен салыстырғанда өз температуралық ылғалдылық тәртібі болады: бұл жерде қыс айларында градус жылы, ал жазда – салқындау және ылғалдырақ болады.

Антропогендік факторлар – адам туғызған және қоршаған ортаға әсер ететін факторлар.

Абиотикалық факторлардың ішінен барынша жиі түрде климаттық және ауа ортасының гидрографиялық факторларды бөліп шығарды.

Уақыт аралығында өзгерістер тұрақты қайталанатын факторлар мерзімді факторлар деп аталады. Оған климаттық ғана емес, срнымен бірге кейбір гидрографиялық – ағыстар мен судың қайтуы, кейбір мұхит ағыстары жатады. Күтпеген жерде туындайтын факторлар (жануарлардың атқылауы, жыртқыштардың шабуыл жасауы және т.б.) мерзімді емес факторлар деп аталады. Факторларды мерзімді және мерзімді емес факторларға бөлудің организмдердің өмір жағдайына бейімделуін зерттеу кезінде аса үлкен маңызы бар.

Бейімделу – организмдердің ортаға бейімделуі. Бұл прцесс организмдердің құрылысы мен функцияларын және олардың органдарын қамтиды. Бейімделу әрқашан үш негізгі факторлар - өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және табиғи іріктеу факторларының әсерімен дамиды.

Организмдердің сыртқы орта факторларына негізгі бейімделу экологиялық факторлардың өзгергіштігімен бірге қалыптасады және өзгереді. Организмдер тұрақты әрекет етуші мерзімді факторларға бейімделген, бірақ солардың ішінен бастапқы және қайталанатын факторларды ажырата білу маңызды.

Бастапқы – бұл өмірпайда болғанға дейінгі фактор. Жердегі өмір факторлары: температура, жарықтың болуы, судың көтерілуі мен төмен түсуі және т.б. Осы факторларға организмнің бейімделуі өте ерте кезде болған және неғұрлым жетілген болып саналады.