Экологиялық білім берудің жолдары мен принцептері

 

Адамзат дамуының қазіргі кезеңі экологиялық проблемалар санының күрт өсуімен және оларды шешу жолдарын іздес­ті­ру­дегі білім мен тәрбие рөлінің күшеюімен ерекшеленуде. Бұдан көз­делетіндей, жер шарын мекендейтін бүкіл халық табиғат қорғау, оны сақтау ісіне бір кісідей атсалысқанда ғана, адамдар мекендейтін табиғи ортаны, бүкіл әлемді сақтап қалуға бола­тын­дығы күн өткен сайын ақиқат шындыққа айналуда.

Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі ретінде қоршаған орта мен РИО-92-ні дамыту бойынша БҰҰ Бүкіләлемдік конференциясының Декларация­сын­дағы қоғамдық, Біріккен Ұлттар Ұйымының ХХІ ғасырға арналған күн тәртібіндегі, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны қорғау проблемалары бойынша өткен халықаралық конфенция­­да­ғы басымдықтар оған қол қойған елдер үшін көкейкесті болып табылатындығын ескереді және ғаламдық, рационалды және ұлттық экологиялық қауіпсіздік пен қазіргі заманғы өркениеттің, әсіресе нарықтық экономикаға өту сатысын бастан кешіріп отырған елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін оларды сақтау өмірлік қажеттілік және маңызды деп санайды.

Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттері іс-қимылмен қатар өзіне, қоршаған орта сапасын бағалау, экологиялық бақылау жүйесін жетілдіру, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерін енгізу және эколо­гия­лық білім мен тәрбие беру жүйесінің өзге де дамуларын енгізеді.

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау тура­лы» Заңында (1997 жылғы 15 маусым) «Қоршаған ортаны қор­ғау саласындағы экологиялық тәрбие, білім, ғылыми зерттеу» ХV арнайы тарауы бөліп көрсетілген, аталмыш тараудың 73-бабында жоғары оқу орнындағы оқытудың бүкіл процесін қам­титын экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдейлігі мен үздіксіздігі туралы айтылады.

«Экология тұрақты даму» курсында экономика және басқару саласындағы мамандардың экологиялық даярлығының аса маңызды элементі болып қатысады. Адамдардың қазіргі және болашақтағы ұрпағы үшін қор­ша­ған орта сапасын сақтаудың маңыздылығын түсіне білетін, біріншіден, ғылым мен техника дамуы проблемаларының бір-бірі­мен ажырағысыздығын сезіне білетін, екіншіден, ортаның сапасын сақтай алатын, экологиялық ойлармен қаруланған және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жағдайында, қоршаған ор­таға зиян келтірместен саланың ұйымдастыру және техникалық міндеттерін шешуге қабілетті студенттерді табиғатты тиімді пайдалана білудің неғұрлым негізді жолдарын іздеуге үйрете алатын, жоғары білікті сала мамандарын даярлауды қамтамасыз ету аталмыш пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып саналады.

Келесідей міндеттерді шешуге айрықша көңіл бөлінеді:

· экологиялық проблемаларды зерттеуге кешенді келіс;

· табиғи компоненттердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігін айқындау;

· табиғат пен қоғамның өзара әрекеті нәтижесінде болатын экологиялық, әлеуметтік-экономикалық зардаптар көз­қа­ра­сы тұрғысынан қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану проблемалары.

«Табиғат пайдалану экономикасы» курсын оқып-үйрену кезінде мынадай тақырыптар қарастырылады:

· табиғат пайдалану экономикасына кіріспе;

· табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың эко­ло­гиялық негіздері;

· қайта қалпына келмейтін ресурстарды тиімді пайдалану және экономикалық бағалау;

· жер ресурстарын тиімді пайдаланудың экономикалық проблемалары;

· су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау;

· қалпына келтірілетін биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану проблемалары;

· ауа бассейнін қорғаудың әлеуметтік-экологиялық пробле­малары;

· табиғат пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогресс;

· табиғи ресурстар және қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеу;

· қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайда­ла­ну­ды ынталандырудың экономикалық тетігі (механизмі);

· табиғат пайдалануды басқару; тұрақты экономикалық өсу;

· табиғат қорғаудың халықаралық және жаһандық пробле­малары.

Барлық маман бойынша оқитын студенттер үшін олардың экологиялық ойлауы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру ісінде үлкен рөл атқаратын маңызды пәндердің бірі болып саналады. Тә­жі­ри­бе­лік қызметте экологиялық білімді пайдалана білу экономика және басқару саласындағы болашақ мамандарға табиғатты тиім­ді пайдалану, табиғи ортаның сапасын қорғау, табиғи ресурстарды сақтау мен ұдайы өндіру міндеттерін жүзеге асыруда дұрыс эко­ло­гиялық-экономикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді[kgl].

.