Экологиялық мекен орны.

 

Қайталанатын мерзімді факторлар бастапқы факторлардың өзгеру салдары болып саналады: температураға қатысты ауаның ылғалдылығы; өсімдіктер дамуының циклдігіне байланысты өсімдік қоректері; тіршілік әсерінің бірқатар биотикалық факторлары және т.б. Олар бастапқы факторлардан кешірек пайда болды және оларға бейімделу әрқашанда айқын білінген жоқ. Мекендейтін жерлердің қалыпты жағдайларында тек мерзімді факторлар ғана әсер етуі тиіс, ал мерзімді емес факторлар әсер етпеуге тиісті. Мерзімді емес факторлар әдетте апатты түрде әсер етеді: ауру түрлерін туғызуы немесе тіпті тірі организмнің жойылуын туғызуы мүмкін. Адам мерзімді емес факторларды жасанды түрде енгізе отырып, яғни химиялық улауды енгізумен оған зиянды болып табылатын организмдерді: басқа өсімдіктердің есебінен өмір сүретін организмдерді, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерін, ауру қоздырғыш бактерияларды, вирустарды және т.б жою арқылы оны өз мүддесінде пайдаланды.