Тіршілік иелерінің биосферадағы қызметі.

Жер кеңістігінде жүретін табиғи процестерге әсер тигізетін тіршілік екені туралы 19 және 20 ғасырлар аралығындағы еңбектерінде пікірін айтумен қатар дәлелдеген орыс ғылымы В.В. Докучаев.

20 ғ-ң 20-шы жылдарында В.И. Вернадскийдің еңбектерінде биосфера Жер шарының тірі организмдер жайлайтын бөлігі, ең үлкен экожүйе екенін ғылыми түрде негіздеді және ол бірінші рет тірі организмдердің геологиялық ролі туралы биосфера ілімін ұсынды. Ол еңбектерінде топырақ түзу процесі ауа райынан басқа өсімдіктермен жануарлардың жиынтық әсеріне байланысты екенін көрсетті; тірі организмдердің іс-әрекеті жер қыртысының кейпін өзгертетін ең негізгі фактор екенін де дәлелдеді.

В.И. Вернадский биоссфера заттегі геологиялық жағынан кездейсоқ емес әртүрлі 7 бөлшектерден тұратынын айтты: тірі заттек, тіршілік (биогенді) заттегі, өлі (енжар) заттек, биологиялықенжар т.б. Ол ғаламшардағы барлық организмдердің жиынтығын тірі заттек деп атай отырып, оның негізгі қасиеті ретінде жалпы массасын, химиялық құрамын және энергиясын қарастырады. В.И. Вернадскийдің анықтамасы бойынша өлі (енжар) заттекдеп түзілуіне тірі организмдер қатыспайтын биосферадағы заттектер жиынтығы айтылады.