Негізгі химиялық элементтердің биогеохимиялық айналымы.

Биогенді заттектерорганизмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған химиялық қосылыстар, тіршілікпен құрылған және өңделген заттектер. Олар өте күшті потенциалды энергия көзіне жатады, тірі организмдердің тіршілік әрекеті өнімдерінен тұрады немесе олардың шіріген қалдықтар болып табылатын органогенді шөгінді жыныстар.

Биологиялық енжар заттектеререкше топтың бірі. Олардың түзілуіне биосферада бір мезгілде тірі организмдер мен өлі заттектерде жүретін процестер қатысады. Енжар заттектерде жүретін процестерге организмдердің қосатын үлесі зор. Ғаламшардың енжар заттектеріне топырақ, желге мүжілетін топырақ жамылғысы, барлық табиғи сулар жатады. Олардың қасиеттері жер бетіндегі тірі заттектердің әрекеттеріне байланысты болып келеді.

Биомасса, өнімділік және биосфераның негізгі функциясы. Биосфераның жалпы биомассасы шамамен 2 трлн.т, ал биомассаның әр жылдық өнімі осыдан 10 есе аз келеді. Биосфераның тірі заттегінің 99,5% жер бетіндегі өсімдіктердің биомассасынан құралады.

Фотосинтездегеніміз заттектер мен энергияны Жерде жинақтайтын негізгі процесс, оның нәтижесінде СО2 мен Н2О-дан органикалық заттектер және оттек түзіледі.

Газдық функция. Фотосинтез процесі және дем алу арқылы тірі организмдер қоршаған ортамен оттек пен көмір қышқыл газымен алмасып отырады. Қазіргі кезеңіндегі атмосфераның тұрақты газдық құрамының қалыптасуына және ғаламшардың геохимиялық эволюциясында тотықсызданған ортаның тоттыққанға ауысына негізгі ролді атқарған өсімдіктер. Өсімдіктердің арқасында барлық биоталарға қажетті оттек пен көмір қышқыл газдарының мөлшері оптималды деңгейде ұсталып тұрады.

Концентрациялық функция.Тірі организмдер ауаның көп көлемі мен табиғи ерітінділері өз денелері арқылы өткізіп, химиялы элементтердің және олардың қосылыстарының биогендік миграциясы мен шоғырлануын жүзеге асырып отырады. Бұл жағдайда тек органикалық заттектердің биосинтезіне ғана қажетті емес, сонымен бірге әр түрлі құбылыстардың орын алуына да қатысты. Тірі заттектердің тотығу - тотықсыздану функциясы элементтердің бигендік миграциясымен және заттекттердің шоғырлануымен тығыз байланысты. Табиғатта көптеген заттектер тұрақты және олар қалыпты жағдайда тотығу процесіне ұшырамайды, мысалы, өте маңызды биогенді элементтірінің бірі – молекулалық азот.