Организмдердің температурағы байланысты экологиялық топтары.

Температура – күннің ұзын толқынды инфрақызыл сәулелерінен бөлінетін және организмдер үшін аса қажетті, тіршілік иелері үшін маңызды экологиялық фактор. Тірі организмдер жылу энергиясын әртүрлі жолмен алады. Көптеген тірі организмдер температураның 00 және 500С арасында тіршілік ете алады. Өйткені зат алмасу процесі осы температурада жақсы жүреді.Өсу және тіршілік ету үшін қолайлы температура (-100С +300С) оптималды деп аталады. Бірақ кейбір организмдер жоғары температурада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, ыстық су көздеріндегі цианобактериялар +800С -қа дейін, бактериялар +880С -қа дейін тіршілік ете береді. Салқын жерде тіршілік ететін организмдерді криофилдер тобына жатқызады. Олар белсенділігін клеткалардың температурасы -80С.... -100С жағдайда да жоғалтпайды. Криофилия төменгі температура жағдайында (тундрада, арктикалық және антарктикалық шөлдерде, биік тауларда, салқын теңіздерде) тіршілік ететін көптеген организмдерге – бактерияларға, саңырауқұлақтарға, қыналарға, мүктерге және т.б. тән. Оптимум аймағы жоғары температурада орналасқан түрлерді термофилдер деп атайды. Бұларға микроорганизмдер мен жануарлардың көптеген топтары, мысалы, нематодтар, насекомдар личинкалары, кенелер және шөлді аймақта тіршілік ететін көптеген организмдер жатады. Жылудың жеткіліксіздігіне бейімделуіне байланысты өсімдіктер үш топқа бөлінеді:

1суыққа төзімсіз өсімдіктер – тропикалық орман өсімдіктері мен жылы теңіз балдырлары. Судың қату температурасында бұл өсімдіктер өле бастайды. Ол ферменттердің белсенділігінің төмендеуіне, белоктар мен нуклеин қышқылдары алмасуының бұзылуына, мембраналардың өткізгіштік қабілеттерінің төмендеуіне байланысты; 2 аязға төзімсіз өсімдіктер – біршама төмен температураға шыдайтын, бірақ ұлпаларында мұз түзіле бастаған кезде тіршілігін тоқтататын өсімдіктер. Мұндай өсімдіктер температураның -50...-70С-қа дейін тіршілігін жоймайды. Бұларға субтропикада өсетін мәңгі жасыл өсімдіктер жатады. Вегетация кезінде барлық жапырақты-сабақты өсімдіктер аязға төзімсіз; 3 аязға төзімді өсімдіктер – маусымдық климатты және қысы суық жерлерде өсетін өсімдіктер. Қатты аяздарда ағаштар мен бұталардың жер үсті мүшелері тоңғанымен өміршеңдігін сақтап қалады. Жоғары температураға бейімделуге байланысты организмдерді мынадай топтарға бөледі: 1ыстыққа төзімсіз түрлер - +300...+400С температурада зақымданатын 2ыстыққа төзімді эукариоттар – құрғақшылық аймақта өсетін (дала, шөл, саванна) өсімдіктер. Жарты сағат +500...+600С температураға шыдайды; 3ыстыққа төзімді прокариоттар – термофилді бактериялар мен көк-жасыл балдырлардың кейбір түрлері. Ыстық су көздерінде +850...+900С температурада тіршілік ете алады. Сондай-ақ, организмдер денесінің температурасын бір қалыпты ұстап тұруына байланысты пойкилотермді және гомойотермді болып бөлінеді. Пойкилотермді (грекше poikilos – әртүрлі, therme – жылу) немесе суық қанды организмдердің денесінің температурасы қоршаған орта температурасына байланысты. Гомойотермді(грекше homoios – бірдей, therme – жылу) немесе жылы қанды организмдердің дене температурасы қоршаған орта температурасына байланысты болмай, үнемі бір қалыпта болады. Сүт қоректілерде дене температурасы +350С ... +380С -ты ал, көптеген құстарда +410С ... +430С -ты құрайды.