Популяцияның динамикалық көрсеткіштері.

Популяция динамикасы – популяциядағы особьтардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.

Популяция динамикасының негізгі белгілеріне жататындар:

- популяцияның сандық мөлшері – белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі особьтардың жалпы саны;

- популяция тығыздығы – белгілі бір жер аумағындағы немесе көлемдегі особьтардың орташа саны;

- популяциядағы туылу саны – белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа особьтар саны;

- популяциядағы өлу саны – белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген особьтар саны;

- популяция өсімі – популяциядағы особьтардың туылуы мен өлуі арасындағы сандық айырмашылық;

- өсу қарқыны – белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім.

Мұндай демографиялық белгілерді зерттеу популяция тіршілігінің заңдылықтарын, сәйкесінше жалпы экожүйедегі тұрақтылық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді.

Популяцияның сандық мөлшері мен тығыздығы – популяцияның сандық сипаттамасын көрсететін негізгі көрсеткіштер.