Ызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы

Қызыл Кітап Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Осында й шаралардың бірі – Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау қорғау одағы еді (ХТҚО). Ол 1948ж құрылды. Мақсаты: жүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қызыл кітаптың» тізімі жасалды.«Қара кітапқа» жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді. «Қызыл кітапқа» белгілі түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануардың не өсімдіктің 5 санатын анықтаған.Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген.Ол санаттар мынадай болды:

І санат-жойылып бара жатқандар.Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер жоқ.Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары, құдыр, т.б.

ІІ санат-саны азайып бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі мүмкін). Мысалы, балқаш алабұғысы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б.

ІІІ санат-сирек түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер).Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара тұрпан, қара ләйлек, т.б.

ІV санат- белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер).Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан,т.б.

V санат- қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер).Мысалы, аққу, көкқұс, т.б.