Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері

Мүшелері мен ұлпалары Жарық сүйгіш өсімдіктерде Көлеңке сүйгіш өсімдіктерде
Тамыр жүйесі Жақсы дамыған Нашар дамыған
Сабақтары Буынаралықтары біршама қысқа Буынаралықтары біршама ұзын
Жапырақтары Көбіне майда, қалың, қатты, кейде етжеңді Үлкен, жұқа, жұмсақ
а) Эпидермис Кутикулалы, хлоропластары жоқ, майда клеткалы Кутикуласыз, хлоропласты, клеткалары ірі, бір қабатты
б) Механикалық ұлпа Жақсы дамыған Нашар дамыған, сондықтан жапырақтары жұмсақ
Устьица Майда, түкті, 1 мм2 жапырақ бетінде 300-1000 устьицалар 1 мм2 жапырақ бетінде 15-80 устьицалар
Жарық сәулелеріне қарай жапырақтарының орналасуы Қырымен, бүйірлі Көлденең

Гелиофиттернемесежарық сүйгіш өсімдіктер– күн сәулесі жақсы түсетін ашық кеңістікте өсетін өсімдіктер. Мысалы үшін оларға көптеген шабындық, дала, шөл және шөлейт өсімдіктері, орманның биік ағаштары жатады. Әдетте олардың жапырақтары қалыңдау, мезофилл және эпидермис клеткалары майда болып келеді. Бұған құрғақ аймақтарда (шөл, дала, саванна) өсетін астық тұқымдастары, амаранттар, алабұта тұқымдасына жататын және т.б. өсімдіктер жатады Сциофиттернемесекөлеңке сүйгіш өсімдіктер– жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер. Бұларға фитоценоздың төменгі ярусында өсетін саумалдық (Oxalis acetosella), құсықшөп (Asarum europaeum), жасыл мүктер, плаундар жатады. Жарықтың 0,1-0,2%-да тек мүктер мен селягинеллалар өседі. Плаундардың өсуі үшін күндізгі жарықтың 0,25-0,5% қажет. Ал гүлді өсімдіктер әдетте аспан бұлт кезде жарықтың мөлшері 0,5-1% кем болмайтын жерлерде өседі.