Жетілген бәсеке рыногында кездеспейтін қандай жағдай?

A) өнімдердің біртектілігі;

B) ресурстардың мобильділігі;

C) жарнама;

D) сатып алушылардың көптігі;

E) ақпарат алудың еркіндігі.

5. Монополист шығаратын өнімі ұтымды болуы үшін қайсы шарт орындалуы тиіс:

A) шекті табыс (MR) шекті шығыннан (МС) артық болуы тиіс;

B) шекті шығын шекті табыстан артық болуы тиіс;

C) шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс;

D) шекті шығын рыноктық бағаға тең болуы тиіс;

E) дұрыс жауабы жоқ.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Жаттығу. Суретте бәсекелік саланың монополизациялану салдары көрсетілген. Суреттін негізінде анықтау керек:

1) жетілген бәсеке жағдайындағы баға мен өндіріс көлемін.

2) монополияланған рынок жағдайындағы баға мен өндіріс көлемін;

3) нарықтың монополиялануы нәтижесінде баға мен өндіріс көлемінің өзгеру мөлшерін.

 

2 жаттығу. Мемлекеттің экономикаға араласуынсыз қоршаған ортаның ластануын бақылайтын рыноктық реттеудің кем деген­де екі артықшылығын табыңыз.

3. жаттығу. Қай график жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайын сипаттайды, түсіндіріңіз.

 

Нұсқа 2

1 жаттығу. Нарықтың қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды мемлекеттің қызметтерімен үйлестіріңіз. Ең оңтайлы жағдайларды кестеге толтырыңыз.

 

Нарықтың артықшылықтары Нарықтың кемшіліктері Мемлекеттің реттеуші қызметтері Ең оңтайлы жағдайлар
       

2 жаттығу. Суретте жетілген бәсеке жағдайындағы тұтынушылар мен өндірушілердің ұтымдары бейнеленген.

 

a) CS аудандары нені білдіреді?

PS ауданы нені білдіреді?

(CS+PS) нені сипаттайды?

ә) монополия жағдайында өндірушінің ұтымы, тұтынушының ұтымы және олардың қосындысы қалай өзгереді? Оны графикте көрсетіңіз.

3 жаттығу. Жетілген бәсеке рыногындағы сұраныс қисығы төмендегілердің қайсысы деп ойлайсыз:

 

Аралық бақылау тесттері