Жылы Дж. М. Кейнстің шығарған кітабы аталады

А) “халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы”

В) “саяси экономияның принциптері”

С) “жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы”,

Д) “капитал”

Е) “Ресейде капитализмнің дамуы”

7. Экономикалық теорияның пәні болып табылады:

А) демографиялық өзгерістер; В) статистикалық есеп берулер;

С) еңбек қатынастары; Д) әлеуметтік даму.

Е) шектеулі ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға байланысты адамдар арасындағы экономикалық қатынастар;

8. Мемлекеттік саясатты іске асыру барысында дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік беретін экономикалық теорияның функциясы (атқаратын қызметі):

А) танымдылық В) тәжірибелік С) прогностикалық

Д) методологиялық Е) мағлұматтық

9. Нақты экономикалық құбылыстардың елеулі емес жақтарына көңіл бөлмей, оның ішкі, барынша мәнді мазмұнын айқындау экономикалық теорияның қандай ғылыми таным әдісіне жатады?

А) индукция; В) дедукция; С) ғылыми абстракция;

Д) талдау (анализ) Е) біріктіру (синтез)

10. Экономикалық өмірдің құбылыстары арасында объективті орындалатын тұрақты себепті – салдарлы байланыстар…

А) экономикалық заңдар; В) табиғат заңдары;

С) экономикалық категориялар; Д) әлеуметтік өмірдің заңдары;

Е) құқық заңдары.

11. “Нарықта сұраным баға, тұтынушылардың табыстары, бәсеке сияқты оны анықтайтын әртүрлі факторларды зерттеу жолымен оқылатын экономикалық теорияның әдісі:

А) ғылыми абстракция; В) логикалық және тарихи;

С) индукция және дедукция; Д) талдау; Е) синтез.

12. Экономикалық теорияның нарықтық қатынастардағы дара субъектілердің экономикалық іс-әрекетін зерттейтін бөлімі…

А) микроэкономика; В) макроэкономика; С) саяси экономия;

Д) экономикс; Е) жалпы экономика.

13. Жалпы ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бағыты:

А) микроэкономика; В) экономикс; С) саяси экономия;

Д) макроэкономика; Е) салалық экономика.

14. Ақшаға эгоистік қызығушылық төмендегілердің қайсысының арекетінің басты мотиві болып саналады?

А) экономикалық адамның; В) мемлекеттің; С) кәсіпорынның;

Д) кооперативтің; Е) қоғамдық ұйымдардың.

15. Жеке тұлғаның шығынды азайта отырып барынша жоғары нәтиже алуға ұмтылу әрекеті

А) ұтымсыз В) біреудің арқасындағылар

С) тұтынушылық Д) қоғамдық Е) ұтымды

16. Шаруашылық іс - әрекеттерге қозғаушы болатын мотивтері – экономикалық…

А) мүдделер; В) заңдар; С) категориялар; Д) әдістер; Е) тәсілдер.

17. Адам табиғатпен одан кейін бір-біріменде өзара әрекет етеді. Осының негізінде орын алады?

А) өндіріс; В) бөлу; С) айырбас; Д) тұтыну; Е) қайта бөлу.

18. Адамның жеңіп шығуға тырысатын қанағаттанбаушылық немесе мұқтаждық жағдайы…

А) қажеттіліктер; В) мүдделер; С) игіліктер; Д) өндіріс; Е) тұтыну.