Салық салу және шығындар саласындағы үкіметтің саясаты қалай аталады?

А) ақшаның мөлшерлік теориясына негізделген саясат;

В) монетарлы саясат;

C) фискалды саясат;

Д) табысты бөлетін саясат;

Е.) ақша - несие саясаты.

5. Мемлекеттік бюджет тапшылығы қандай жағдайда қалыптасады:

A) мемлекеттің активтерінің сомасы оның міндетті төлемдерінен басым болғанда;

B) мемлекет шығындарының сомасы салық түсімдерінің сома-сынан басым болғанда;

С) мемлекеттің шығындары азайғанда;

Д) салық түсімдерінің сомасы кысқарғанда;

Е) салық түсімдерінің соммасы мемлекеттік шығындар соммасынан асып түскенде.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Міндетті резевтер нормасы 15%, комерциялық банк депозитте көлемінің 5% артық резерв ретінде сақтап отыр. Егер депо-зиттер көлемі 9000 теңге болса, банк несие беру үшін қандай ен жоғары шекті саланы қолдана алады?

2. Орталық банк комерциялық банктерден 150 млн. теңге мемлекеттік облиғациялар сатып алды. Егер коммерциялық банктер өздерінің барлық несиелік мүмкіндіктерін қолданса, депозиттердегі резерв нор­масы 15% болған жағдайда ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?

3. Экономика төменгі мөлшеттермен өрнектелген. Нақты табыс У = 4000 долл. Тұтынудың шекті бейімділігі МРС = 0,8. Тепе-теңдік табыс Ү = 4200 долл. А) Экономика тепе-теңдік жағдайда болуы үшін (Ү = 4200 долл.) мемлекелтік шығындар қалай өзгеруге тиіс? Б) Экономика тепе-тендік жағдайда болуы үшін салық түсімі қалай өзгеруге тиісті?

4. Мемлекеттің сатып алулары- 500, салық функциясы Т = 0,4Ү, трансферт функциясы Ғ = 0,2Ү, баға деңгейі Р-1. Пайыз мөлшерлемесі R = 0,1 болғандағы қарыз D = 1000. Нақты өндіріс көлемі 2000, ал әлеуметтік өндіріс көлемі 2500- ге тең. А) Мемле-кеттік бюджет сальдосы оң мән бе, әлде теріс мән бе? Б) Мемлекеттік бюджеттің циклдік тапшылығы қанша?

 

Нұсқа 2

1. Лаффер қисығы қаншалықты практикалық? Оның қолдану аймағы.

2. Орталық банк ақша үсынысын 3%-ға көтерді делік. Экономикалық міндеттерді шешудің болуы мүмкін әдістерін және осы саясатты жүзеге асырудың салдарларын талқылаңыз.

4. Мемлекеттің ішкі қарызының сыртқы карыздан айыр-машылығы қандай?

5. Үкімет шығыны екіге бөлінеді: трансферттік төлемдерге және товар мен қызмет көрсетуге. Шығындардың осы түрлерінің арасындағы айырмашы-лықтарды түсіндіріңіз. Әрқайсысына мысал келтіріңіз.

6. Кестедегі мәлімет негізінде есептеу қажет:

Жыл Еңбектің саны (сағат) Еңбек өнімділігі (теңге) ЖҰӨ-ң көлемі (теңге)
1.  
2.  
3.  

а) әр жылдағы нақты ЖҮӨ көлемін;

э) 2-ші жылы 1-ші жылмен салыстырқанда, еңбек өнімділігі

қанша % - ға өсті? Осының салдарынан нақты ЖҰӨ көлемі қанша % -ға өсті?

б) 3-ші жылы 2-ші жылмен салыстырғанда, еңбектің саны қанша % - ға өсті? Осының салдарынан орын алған нақты ЖҰӨ-ң пайыздық өсімі қанша?

в)3-ші жылы 1-ші жылмен салыстырғанда нақты ЖҮӨ көлемі қанша пайызға өсті?

 

Коллоквиум сұрақтары

1. Фирманың (кәсіпорынның) шығындарының қандай нысандарын білесіз?

2. Тұрақты, айнымалы, жалпы, орташа, шекті шығындарының экономикалық мәні неде?

3. Шығындар мен пайданың өзара байланысы және өзара тәуелділігі неде?

4. Орташа, жалпы, шекті табыстар дегеніміз не?

5. Құнның еңбек теориясы тұрғысында өндіріс шығындарының экономикалық мазмұнын түсіндіріңдер.

6. Еңбек ақы, процент, рента, пайда түріндегі табыстарды алу неден тәуелді?

7. Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз?

8. Инфляцияны бәсеңдету мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы шаралардың өзара қандай байланысы бар?

9. Филлипс қисығы нені көрсетеді?

10. Макроэкономикалық тепе-теңдік сөзінің астарында қандай мағына жатыр?

11. Бағаның өсу қарқынына байланысты инфляцияның қандай түрлері бар?

12. Инфляцияға қарсы саясаттың негізгі бағыттары қандай?