Азақстан Республикасындағы экономикалық өсудің негізгі белгілері қандай?

23. Экономиканы мемлекеттік реттеу қандай негізгі мақсаттарды көздейді?

24. Нарықтық экономикада мемлекет Қандай экономикалық қызмет атқарады? Сіздің ойыңызша, мемлекеттің атқаратын қызметтерінің қайсысы маңыздырақ?

25. .Қазақстан Республикасы жағдайында мемлекеттік реттеудің қандай жаңа түрлері болуы мүмкін?

26. Ұлттық банктің негізгі міндеттері қандай? Ұлттық банкті мемлекеттің ақша стратегиясының негзгі бағытын анықтайтын тәуелсіз ұйым деп санауға болады ма?

27. Қаржы дегеніміз не және оның ақшадан айырмашылығы неде?

28. Қаржы жүйесі дегеніміз не?

29. Бюджет құралдары қандай мақсаттарға жұмсалады?

30. Мемлекеттік бюджет тапшылығы дегеніміз не және оның пайда болуының себептері? Мемлекеттік бюджет тапшылығын жоюдың қандай көздері бар?

31. Мемлекеттің фискалдық саясаты дегеніміз не және ол қандай мақсатта пайдаланылады?

32. Табыстардың қандай түрлерін білесің, олардың бір-бірінен айырмашылығы?

33. Өмір сүру минимумы дегеніміз не және ол қалай анықталады?

34. Әлемдік шаруашылық, оны қалай түсінесіз? Оның ерекше тетігі мен даму кезеңдері қандай?

35. Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз не, оның әлем шаруашылығы үшін маңызы қандай?

36. Қазіргі жағдайда дүниежүзілік шаруашылық дамуы қандай ерекшеліктермен сипатталады?

37. Әлемдік шаруашылыққа ұлттық экономиканың интеграция мәнін қалай түсінесіз?

38. Сіздер халықаралық мамандану мен кооперацияның қандай нышандарын білесіздер?

10-апта. Сабақтың тақырыбы: Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Халықаралық еңбек бөлінісінің маңызын түсіндіріңіз.

2. «Салыстырмалы артықшылыққа ие болу» тұжырымын түсіндіріңіз.

3. Хекшер-Олин теориясындағы сыртқы сауданың қалыптасу ерекшелігін түсіндіріңіз.

4. М. Портер сыртқы саудадағы артықшылыққа ие болуды немен түсіндіреді?

5. Сыртқы сауданы тарифтік шектеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырыңыз.

6. Сыртқы сауданы тарифтік емес шектеулерге не жатады?

7. Протекционистік саясаттың мақсаты қандай?

8. Төлем балансының негізгі баптарына тоқталыңыз.

9. Ресми валюта резерві қандай мақсатта қолданылады?

10. Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Одағына кіруінің оң және теріс тұстары жөнінде не айтар едіңіз?

Дәріс сабағындағы тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Егер ұлттық Банктің ресми валюталық резервтері өзгермесе, төмендегідей тұжырым жасауға болады:

а) сауда балансының сальдосы әрдайым нолге тең

ә) ағымдық операциялар есебінің сальдосы әрдайым нолге тең

б) капитал есебінің сальдосы әрдайым нолге тең

в) елдің төлем балансының сальдосы нолге тең.

2. Испания төлем балансының тапшылығын төмендету мақсатында сыртқы саудаға бақылау жасауды шешті. Мұндай саясаттың нәтижесінің бірі қысқа мерзімде төмендегідей болады:

а) елдегі жұмысбастылық деңгейінің төмендеуі

ә) елдегі инфляция деңгейінің төмендеуі

б) экономикалық өсу қарқынының төмендеуі

в) Испания экспортының төмендеуі

г) Испанияға келетін тауарлар мен қызметтер импортының төмендеуі

д) сауда балансының сальдосының төмендеуі.

3. Таза экспорт, ең алдымен:

а) пайыздық ставка мен ЖІӨ-нен оң тәуелді

ә) ЖІӨ-нен теріс, ал пайыздық ставкадан оң тәуелді

б) пайыздық ставкадан да, ЖІӨ-нен де теріс тәуелді

в) ЖІӨ-мен оң байланыста, бірақ пайыздық ставкадан мүлдем тәуелсіз.

4. Төлем балансының құраушы бөлігі- ағымдық операциялар есебінің құрамына кірмейді:

а) тауар экспорты

ә) инвестициядан болатын таза табыстар

б) шетел мемлекеттеріне көрсетілетін көлік қызметтері

в) шетелдердегі ел активтерінің өзгерістері

г) біржақты трансферттік төлемдер.

5. Төлем балансының тапшылығы төмендегінің көменгімен қаржыландырылуы мүмкін:

а) валютаны ревальвациялау көмегімен

ә) сыртқы қарызды арттыру жолымен

б) шетел валютасыныњ резервтерін қолдану жолымен

в) ә) және б) жауаптары дұрыс.