Нұсқа

1. Экономика теорияның көзқарасы бойынша “экономика” бұл:

А) Статистика.

В) Шаруашылық қызметі.

С) Шаруашылық жасау туралы ғылым.

Д) Адамдардың мақсаттары мен шектеулі ресурстарының арасындағы қатынастарға байланысты, олардың іс-әрекеті.

Е) Демография.

2.Ұлттың байлығының көзі саудада деп есептейді:

А)Классикалық саяси экономия. В)Меркантелистер. С)Физиократтар. Д)Маржиналистер. Е)Институционализм.

3.Тауарлы өндіріске дейін болған экономиканы ұйымдастырудың тарихи нышаны:

А) Патриалхалды шарушылық. В) Жоспарлы шаруашылық. С) Натуралды шаруашылық. Д) Нарықтық экономика. Е) Феодалдық шарушылық.

4. Нақты экономикалық құбылыстардың елеулі емес жақтарына көңіл бөлмей, оның ішкі, барынша мәнді мазмұнын айқындау экономикалық теорияның қандай ғылыми таным әдісіне жатады:

А) Талдау (анализ). В) Индукция. С) Дедукция. Д) Ғылыми абстракция. Е) Біріктіру (синтез).

5. Экономикалық жүйелердің жіктелуі қандай факторлармен анықталады:

А) Табыс деңгейімен. В) Қорлану көздерімен. С) Экономиканың салалық құрылымымен.

Д) Меншік типтері және экономиканы ұйымдастырумен. Е) Таптық құрылымымен.

6. Қазақстан қандай экономикалық жүйені құруда:

А) Дәстүрлі. В) Мемлекеттік – жоспарлы. С) Нарықтық, еркін бәсекелестік.

Д) Аралас. Е) Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика.

7.Қажеттілікті қанағаттандыратын құрал:

А) Игілік. В) Түрткі. С) Мүдделер. Д) Өндіріс. Е) Айырбас.

8. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес республикалық және коммуналдық меншіктер нышаны:

А) Акционерлік. В) Жеке. С) Ұжымдық. Д) Мемлекеттік. Е) Тұлғалық.

9. Бағаның өзгеруі тұтынушыларға көп немесе аз мөлшердегі тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуелділік сипаттайтын зањ:

А) Сұраным. В) Ұсыным. С) Құн. Д) Еңбектің өзгеруі. Е) Қорлану.

10. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі сипатталады:

А) Өндіріс көлемінің өсімі қосымша ресурстарды тарту мен пайдалануды талап етпейді.

В) Жұмыспен қамтылғандар санының өсуімен.

С) Жұмыс күнінің ұзаруымен.

Д) Қосымша шикізат, материалдарды пайдаланумен.

Е) Жаңа жерлерді игерумен.

11. Тұрақты шығындар, бұл:

А) Қосылатын шығын. В) Өзгеретін шығындар. С) Өнімнің бір-бірлігіне шаққандағы шығын. Д) Өзгермейтін шығындар. Е) Азаятын шығын.

12. Қарызға берілетін немесе қарызға алынатын капиталдан түсетін табыс, бұл:

А) Пайда. В) Рента. С) Процент. Д) Еңбек ақы. Е) Девиденд.

13. Өндірістің құлдырауы тоқталатын, бірте-бірте артық тауарлар мөлшерінің азаятын фазасы:

А) Өрлеу. В) Тоқырау. С) Дағдарыс. Д) Жандану. Е) Өрлеудің шегіне жету.

14. Қозғалмайтын мүліктердің кепілдігімен, ұзақ мерзімді қарыз түрінде берілетін несие нышаны аталады:

А) Банктік. В) Коммерциялық. С) Ипотекалық. Д) Тұтынушылық. Е) Мемлекеттік.

15. А.Маслоу пирамидасына сәйкес, қажеттіліктер ерекшеленеді:

А) Физиологиялық қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік; сыйластыққа қажеттілік; өзіндік өсуге қажеттілік.

В) Физиологиялық қажеттілік; өзіндік өсуге қажеттілік; сыйластыққа қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік.

С) Өзіндік өсуге қажеттілік; сыйластыққа қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік; физиологиялық қажеттілік.

Д) Сыйластыққа қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік; өзіндік дамуға қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік.

Е) Өзіндік өсуге қажеттілік; физиологиялық қажеттілік; қауіпсіздікке қажеттілік; сыйластыққа қажеттілік; әлеуметтік қарым-қатынасқа қажеттілік.

16. Нарықты эконмикаға тән:

А) Кәсіпкерлік таңдау еркіндігі. В) Орталықтандырылған жоспарлау. С) Мемлекеттік меншікті иемдену.

Д) Бәсекенің болмауы. Е) Монополияның болмауы.

17. Экономикалық теория негіздерінің негізгі атқаратын қызметтері:

А) Ақпараттық және бақылау. В) Ұдайы өндіріс және бөлу. С) Бақылау және ынталандыру.

Д) Әдістемелік және ақпараттық. Е) Танымдық және тєжірибелік.

18. Тауар бағасын белгілегенде ақшаның атқаратын қызметі:

А) Айналыс құралы. В) Қор жинау құралы. С) Құн өлшемі. Д) Капиталдың жинақталуы. Е) Дүниежүзілік ақша.

19. Ұсыным икемді, егер икемділік коэффициенті:

А) 1-ге тең. В) 1-ден кем. С) 1-ден артық. Д) 0-ге тең. Е) шексіздікке тең.

20. Нарықты экономика үшін маңызды элемент болып табылады:

А) Жалпылама мемлекеттік реттеу. В) Тиімді кәсіподақтар. С) Нарықтағы белсенді бәсеке.

Д) Кәсіпкерлердің салыстырмалы әрекеті. Е) Әлеуметтік кепілдіктер.

21. Елдегі экономикалық құлдыраумен байланысты жұмыссыздық түрі аталады:

А)Құрылымдық. В)Қалыпты. С)Циклдық. Д)Жасырын. Е)Фрикциондық.

22. Материалдық және материалдық емес игіліктерді жасаудың алғашқы көзі:

А) Айырбас. В) Түтыну. С) Бөлу. Д) Өндіріс. Е) Қайта бөлу.

23. Экономикалық өсудің интенсивті типіне тән:

А) Пайдалы қазбалардың жаңа кендерін ашып іске қосу. В) Қосымша жұмыс күшін тарту.

С) Жетілдірілген технологияны пайдалану. Д) Қосымша өндіріс құрал-жабдықтарын тарту.

Е) Қосымша тұтыну заттарын тарту.

24. Негізгі капиталдың құрамдас бөлігі болып табылмайды:

А) Шикізат материалдар. В) Ғимарат. С) Станоктар, машиналар. Д) Жабдықтар. Е) Көліктер.

25. Жұмыс күші дегеніміз:

А) Еңбек етуге қажетті адамдардың табиғи және ойлау қабілетінің жиынтығы.

В) Тауар өндіруге жұмсалған еңбек.

С) Білікті қызметкер.

Д) Қосымша құн өндіретін еңбек.

Е) Жалдамалы еңбек.

26. Дивиденд бұл т‰сетін табыс:

А) Жерден. В)Депозиттен. С)Кредиттен. Д) Акциядан. Е)Арендадан.

27. Ұсынымға әсер етпейтін фактор:

А) Берілген өнімнің алмастырушысының болуы.

В) Өндіріс факторларының бағасы.

С) Нарықтағы тауарлар саны.

Д) Салық мөлшері.

Е) Технология.

28. Экономикалық теорияның нарықтық қатынастардағы дара субъектілердің экономикалық іс-әрекетін зерттейтін бөлімі:

А) Саяси экономия. В) Макроэкономика. С) Микроэкономика. Д) Экономикс. Е) Жалпы экономика.

29. Мемлекеттің фискалдық саясаты, бұл:

А) Салық салу және бюджет құралдарын жұмсау арқылы экономиканы реттеу.

В) Баға деңгейін шектеу жолымен әсер ету.

С) Еңбек ақының шекті деңгейін белгілеу.

Д) Есептеу қарқын өзгерту.

Е) Айналысқа жаңа ақша шығару.

30. Экономикалық игіліктерге тән емес:

А) Шектелген.

В) Өндіріс процесінде жасалатын нәтиже.

С) Ресурстар шығынын қажет етеді.

Д) Шектеусіздік.

Е) Қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы.