Экономика - бұл күрделі, жүйелі құбылыс, өйткені

A) оның, әртүрлі қорлары болады;

B) оның элементтері өзара байланысты жүйеде болады;

C) оларды экономикалық қатынастардың бір үлгісіне келтіруге болмайды;

D) олар экономикалық қызметтің бір түрі болып табылады;

E) дұрыс жауабы жоқ

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Мерқантилизм идеяларының дамуы географиялық жаңалықтар мен Еуропа және Азия арасындағы сауда қатынастарының жедел өсуімен сәйкес келді. Бұл оқиғалар арасында себеп-салдарлы өзара байланыс бар ма әлде олар бір-бірінен тәуелсіз бе?

2. Төмендегі бағыттардың негізгі өкілдерін жазыңыз:

Экономикалық теорияның негізгі бағыттары Өкілдері
Мерқантилизм  
Физиократия  
Классикалық саяси экономия  
Маркстік саяси экономия  
Маржинализм  
Неоклассикалық бағыт  

 

3. Ф.Кенэнің жасаған «экономикалық кестесінің» мәнін ашып талданыз.

4. Келесі экономикалық мектептерді пайда болуының тарихи кезеңдеріне қарай орналастырыңыз:

а) кейнстік бағыт;

в) физиократтар;

с) мерқантилистер;

д) классикалық бағыт;

5. А.Смиттің «көрінбейтін қол» тұжырымдамасының мәнін ашып талдаңыз.

Нұсқа 2

1. Төмендегі кестені экономиканың зерттеу әдістеріне мысалдар келтіру арқылы толтырыңыз:

Экономиканың зерттеу әдістері Мысалдар
Индукция  
Дедукция  
Талдау  
Жинақтау  
Ғылыми абстракция  

2. Төмендегі тұжырымдамаларды дұрыстаңыз:

Экономиканың зерттеу әдістерінің сипаттамасы
Индукция зерттеліп отырған құбылысты жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастың қажетті, құрамдас бөлігі ретінде зерттейді
Дедукция зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді. Дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашады
Талдау бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіру арқылы ортақ қорытынды жасау
Жинақтау жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін сипаттау
Ғылымиабстракция жеке оқиғадан, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар шығарады

 

3. Экономикалық заңдарға мысалдар келтіріңіз.

4. Төмендегі анықтамалардың қайсысы дұрыс?

Экономикалық зандар адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтайды.
Экономикалық зандар қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық түрғыдан сипаттайтын логикалық тусініктер
Экономикалық зандар ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім

5. Қазіргі «Экономикс» - пайда табу туралы ғылым, яғни ақша жасау өнері. Айтылған пайымдау дұрыс па? Жауабыңызды дәлелдеңіз.