Уақыт пен кеңістікте құрылатын (УК) кейс

Уақыт пен Кеңістікте Құрылатын Кейсте спикер шынайы өмірдегі кім екеніне қарамастан өзге бір объект, адамдар тобы, адамның орнына қояды. Үкімет тобы Палата Спикерінің дәл сол уақыттағы емес, басқа уақыттағы кейпін жасауы мүмкін. Палата Спикері өтер пікірсайысты Үкімет атаған адам позициясының тарапынан, сол оқиға немесе құбылыс болған уақыт пен кеңістікке сәйкесінше ойлап, талқылауы қажет.

Бірнеше УК түрлері:

- Сіз – Құдайсыз. Өмірді әділетті етіңіз.

- Сіз – Билл Клинтонсыз. 1996 ж. Сайлауға қатыспаңыз.

- Сіз – 1945 ж. Гарри Труменсіз, Хиросимаға атом бомбасын тастамаңыз.

- Сіз – Люк Скайуокерсіз. Күштің қара жағына өтіңіз.

Пікірсайыс өткізілуі тиіс уақыт шегі анықталғаннан кейін уақыт пен кеңістікті бұзуға тиым салынады. Себебі бекітілген уақыт шегі – пікірсайысты әділ жүргізудің негізі. Бұл пікір-сайысшылардың бекітілген уақыт шегінен асатын оқиғаларды бейнелей алмайтындығын, сол уақытта адамзатта болмаған білімді пайдалана алмайтындығын және пікірсайысшы бейнелейтін адамға тән емес көзқарастарды білдіре алмайтындығын айқындайды. Мысалы: ойында 1930 ж. Уақыт шегі белгіленген делік, егер пікірсайысшы Ұлыбритания Премьер-министрі Невилл Чемберлен («Гитлерді тыныштандырушы») ролінде болған болса, онда опозиция II дүниежүзілік соғыс немесе келісімге қол қойылғаннан кейінгі А.Гитлердің жауыздығын т.б. оқиғаларды ескерте алмайды.

 

Уақыттық-кеңістікті кейс өте көңілді болуы мүмкін, бірақ ұшқыр ойлылықты талап етеді. Кейде ойластырылмаған уақыттық-кеңістікті кейс пікірсайыстың көрсетілген мәселе мен пәндер бойынша емес, жекелеген адамның психологиясы мен мотивация мәселесі бойынша жүріп жатуына әкеледі.

 

Алдыңыздан шыға келетін тағы бір мәселе болуы мүмкін. Мысалы, төрешіні ойлау жүйесі қалыпты жағдайдан ауытқыған адамның орнына қойдыңыз делік: “Сіз Чарльз Менсонсыз. Х-нәрселерді жасауға тиіссіз”, пікірсайыстыру үшін тиімді кейс болмас, себебі Чарльз Менсон есінен ауысқан маньяк қылмыскер, сондықтан пікірсайыс барысында Х тарап ұсынған логикалық және саналы қадамдарды жасауы екіталай.