Болжам мен анықтамалар – бірден сеніп қалмаңыздар

Ең алдымен Үкімет кейсінің базисінен, яғни негізінен бастаңыздар. Үкімет кейсінің (ұстанымының) қандай болжамдарға сүйеніп отырғандығын анықтау керек. Бұл болжамдардың қателігі мен сенімсіздік тудыратын жақтары қандай? Аталған мәселелердің және болжамдардың көзқарасыңызға сәйкес болуы үшін не өзгертуге болар еді? (Оппозиция философиясы деп оның осы болжамдарға енгізбекші ойларын атауға болады). Үкіметтің түсініктерге берген анықтамаларын тағы бір рет қарап шығыңыздар. Мұнда үкіметтің өзі түсінетін анықтамалар ғана болуы да мүмкін. Сізді қанағаттандыратын анықтама қандай болуы керек? Оның салмағы неде болмақ?

Есіңізде сақтаңыздар: Сіздің басты міндетіңіз Үкіметтің әрбір дәйегіне қарсылық жасап терістеу емес. Сіздің мақсатыңыз олардың кейс құрылымын әлсірету, яғни ортақ идеясының байланысын ыдырату. Терістеу жасау барысында бірінен соң бірін терістеуден гөрі жалпы кейстің осал тұстарын іздеп зерттеген әлдеқайда тиімді болмақ.