Оппозиция философиясы

Үкіметтің негізгі ойлары мен тұжырымдарын естігеннен кейін, Оппозиция өзінің философиясын анықтап жариялауы керек. Аты айтып тұрғандай Оппозиция философиясы деп даттау тобы жақтайтын және оны негіздеуге әрекет ететін негізгі һәм басты идеяны айтады. Үкіметке кейс негіздемесі қаншалықты маңызды болса, Философияның Оппозиция үшін маңыздылығы пара-пар нәрсе.

 

Қолдайтын немесе негіздейтін идеяны ұсыну қарапайым терістеуге қарағанда оңай шаруа. Оның артықшылығы келесіде: біріншіден, бұл Оппозицияға Үкіметтің айтқанын сынап, құрғақ терістеуден гөрі өз тұжырымдарын негіздеуге мүмкіндік берсе, екіншіден, өз философиясын ұсына отырып Оппозиция Үкіметті де терістеуге әрекет етуге мәжбүр етпек. Яғни, Үкімет енді өз кейсін дәлелдеумен қатар Оппозицияның да философиясын сынай бастайды. Оппозиция философиясы екі міндет атқаруы тиіс:

ü Ол Үкіметтің идеясына қарама-қарсы келетін, анық және аяқталған тұжырым болуы тиіс.

ü Ол Оппозицияға өз дәйектерінің шеңберін құрастыруға жағдай жасауы керек.

 

Оппозицияның терістеме жасауы міндетті екен деп, олар Үкіметтің «Ақ» дегенін «қара» деуі шарт емес. Яғни, Оппозиция Үкіметке тура қарама-қарсы позиция ұстануы міндетті емес.