Контркейс

Мысалы, Үкімет мынандай бір тұжырым жасаған болсын: «Америка Құрама Штаттарында қару-жарақ сатуға тиым салу керек». Тура шаба жөнелетін және қарапайым ойлайтын Оппозиция келесідей жауап берер еді: «Жоқ, қару-жарақ сатуға тиым салуға болмайды». Ал тәжірибелі Оппозиция өз көзқарасын келесідей етіп жасар еді: «Әрине, біз қару-жарақтың қолда жүруі үлкен қауіп төндіретіндігін мойындаймыз, дегенмен Азматттардың негізгі құқықтарын да ескеру керек. Сондықтан біз қару-жарақты иемденуді шектеу керек, ал оның сатылуына толықтай тиым салуға болмайды деп санаймыз».

 

Тактиканың мұндай түрі «контркейс» деп аталады. Контркейс дегеніміз – Үкіметтің ұсынған болжамдарына байланысты жасаған ұсынысынан тиімді болмақ Оппозицияның іс-әрекеттерінің жоспары. Контркейс ретінде бойында Үкіметтің жасаған кемшіліктері жоқ кез-келген жоспар бола алады. Қойылатын жалғыз ғана талап бар. Ол – кейс пен контркейс біріне-бірі қарама-қарсы болуы шарт. Яғни, екі жоспарды бір уақытта орындау мүмкін болмауы керек немесе оларды бір уақытта орындау тиімсіз болуы тиіс.